• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Роналду жаңа рекорд жасады

    Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

    Ол келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалия мен Лихтенштейн командаларының ойынында екі гол салып, дубльдің авторы атанды. Бұл кездесу 4:0 есебімен Португалияның пайдасына шешілді. Ал 38 жастағы шабуылшы айып соққысынан екінші голын салып, рекордты жаңартты.

    Жалпы, Роналду ұлттық құрама сапында жалпы 120 голдың авторы атанған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *