• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    2026 жылғы әлем чемпионатының форматы өзгеруі мүмкін

    Футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар болашақта болатын төрт жылда бір рет өтетін теңбіл доп додасының форматын өзгертуді ойластырып жатыр. 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Оған алғаш рет 48 команда қатысады. Осы мәселеге байланысты әлем чемпионатын ұйымдастырушылар 48 құраманы үш командадан тұратын 16 топқа бөлуді жоспарлап отыр. Дегенмен, қазір командаларды төрт құрамадан 12 топқа бөлу мәселесі талқылануда. Жоспар ...

    Read More »

    Муай-тайшылар Түркияда топ жарды

    Түркияның Анталия қаласында муай-тайдан IFMA Antalya ашық кубогы үшін жарыс болды. Бұл сынға Қазақстанның 37 жастар мен жасөспірімдері қатысты. Жарыста ұлттық құрама 11 алтын, 8 күміс пен 12 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Анталия кубогына барлығы 31 мемлекттен 780-ге жуық тай боксының шебері жиналды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «Канело» Мессиден кешірім сұрады

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес футболдан Аргентина ұлттыұ құрама командасының ойыншысы Лионель Мессиден кешірім сұрады. «Кейінгі бірнеше күн еліме деген сүйіспеншілік мені елітіп кетті. Содан артық айтып қойған екенмін. Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұрағым келеді. Күнде бір жаңа дүниені біліп жатамыз. Бұл жолы менің кезегім келіпті, — деп жазды «Канело» Twitter желісінде. Бұған дейін Сауль «Канело» Альварес Мессиді киім ауысыратын ...

    Read More »

    Әлем чемпиондары жеңіліп, келесі айналымға жолдама алды

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция құрамасы Тунис командасынан жеңілсе де D тобында бірінші орынмен келесі айналымға шықты.   Бұл кездесуге дейін Франция Австралияны 4:1, Данияны 2:1 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне жолдаманы алдын ала  алған еді. Ал Туниске 1/8 финалға шығу үшін Францияны жеңіп қана қоймай, Австралия мен Дания арасындағы матч тең есеппен аяқталуы керек болатын.  Сонымен бірге Дания Австралияны ...

    Read More »

    «Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

    «Астана» футбол командасының спорт директоры қызметіне осы кезге дейін команданың аға әкімшісі мен футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған Игорь Павлюк тағайындалды. Ол Ақмола облысы Шортанды ауданының «Автомобилист» клубында ойнаған. Одан кейін «Химик» (Степногор), «Астана» (Астана), «Жеңіс» (Астана), «Ақмола» (Степногор), «Екібастұздық-БК» (Екібастұз), «Есіл» (Көкшетау) «Оқжетпес» (Көкшетау) командаларында өнер көрсеткен. Бұған дейін «Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Арслан Беспаев, клубтың атқарушы ...

    Read More »

    Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

    Иран халқы футболдан ұлттық құрама команданың әлем чемпионатында жеңіліп қалғанын тойлады, деп хабарлады Азаттық радиосының Ирандағы қызметі. B тобында ойнаған Иран құрамасы АҚШ-тан жеңіліп, плей-офқа өте алмай қалған еді. Сол себепті, жұрт ел астанасы Тегеран мен өзге де бірнеше қалада көшеде билеп, көлік сигналын басып, шаттанған. Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр. Өйткені олар Катардағы әлем чемпионаты басталғанда «исламист республиканың атынан қатысып ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстан спортшылары Таиландта академиялық ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Бүгін Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Бұл сында ел намысын 13 ересек (11 еркек, 2 әйел) пен 9 жас спортшы (3 еркек, 6 әйел) қорғап жатыр. Бірнеше спортшымыз  іріктеу жарысынан сәтті өтіп, жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды. Ересектер арасында (LW4х) ...

    Read More »

    Параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды

    Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты. Бұл туралы Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады. Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысып, 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды. IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Иран жанкүйерлері АҚШ-тан жеңілген соң бір-бірімен төбелесті

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін ...

    Read More »

    Әлем чемпионатында алғаш рет әйел бас төреші қызметін атқарады

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш рет әйел бас төреші қызметін атқарады. Бұл қызмет франциялық төреші Стефани Фраппарге тапсырылды. Ол 1 желтоқсанда Е тобындағы үшінші турда Германия мен Коста-Рика құрамаларының кездесуінде бас төреші болады.  Оған мексикалық Карен Диас пен бразилиялық Неуза Бакк әйел төрешілер алаң жиегінде жүріп көмектеседі. Стефани Фраппар 1993 жылы туған. 2011 жылдан бері төрешілік қызметін атқарып ...

    Read More »