UFC президенті Дэйна Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы -америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты.
UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов төртінші жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке шығады, — деді ол Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында.
Ал, Лондондағы UFC 286 турнирінің басты жекпе-жегі Камару Усманды жеңген британдық Леон Эдвардстың жеңісімен аяқталды. Екі боксшы да біздің Шавкат Рахмоновқа ықтимал қарсыластар тізімінде болған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА