Бүгін қазақ спортының қара шаңырағы, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Қазақтың Спорт және Туризм академиясында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары, еліміздің ең үздік спортшыларын марапаттау салтанаты мен «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өтіп отырған бұл ...
Read More »Author Archives: admin
Еліміздің Олимпиададағы алғашқы алтын медалі көрмеге қойылды
Еліміздің Олимпиада ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі Осло қаласында өтіп жатқан көрмеге қойылды, деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі. Бұл көрме Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайында «Қазақстан-Норвегия: спорт дипломатиясы» деген атпен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі, Қазақстан Спорт баспасөзі қауымдастығы, Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайының ұйымдастыруымен және оған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Сыртқы істер министрлігі мен «QazSport» ұлттық спорт ...
Read More »Үздіктер «Алтын тұғырда» анықталды
Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Алтын Тұғыр-2019» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау жиыны өтті, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан «Алтын тұғыр» салтанатты жиыны биыл жетінші мәрте ұйымдастырылды. Дәстүрлі марапаттау жиынына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Спорт ...
Read More »Ұлттық спортқа арналған алқа мәжілісі аяқталды
Бүгін ұлттық спортты дамытуға арналған үш күндік алқа мәжілісінің қорытынды жиыны болып өтті, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Елордадағы Ұлттық музейде өткен жиынды жүргізген Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бірнеше күндік алқа мәжілісінің мән-маңызын айта келіп, уақыттарын бөліп арнайы келген барша қатысушыларға өз ризалығын жеткізді. Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазановтың құттықтау хаты оқылды. Қорытынды жиынның күн тәртібі бойынша ...
Read More »«Алтын тұғыр» – ұлттық спорт үздіктерін марапаттау салтанаты өтеді
Ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа» орталығының концерт залында Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, «Nur-Otan» партиясының қолдауымен биыл жетінші мәрте «Алтын Тұғыр-2019» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау салтанаты өтеді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан бұл дәстүрлі марапаттаудың басталуына бір күн ғана қалды. Жетінші мәрте ұйымдастырылатын биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері – 2019 жылғы ұлттық спорттың ...
Read More »Кикбоксшылар Анадолы елінен алтын жүлде әкеле жатыр
Бүгін Түркияның Анталья қаласында екі жылда бір рет өтетін кикбоксинг спорт түрінен (фулл-контакт) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада қазақ спортшыларының мерейі үстемі болып, жұлдыздары биіктен жарқырады. Жарыста Қайрат Смағұловтың шәкірттері жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Олар 63 елдің 696 спортшысы қатысқан бәсекеде үш алтын, екі күміс, бір қола медальді жеңіп алды. Бұл сында Ерлан Шағбан (54 кг), Жандос Назарбеков ...
Read More »«Ақиқат» журналының дәстүрлі додасы
Алматыда осымен жетінші рет шахматтан «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін турнир өтті. Бұл жарыс 2012 жылы серіктестіктің бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы болған қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабек Омарұлы Кенжалиннің ұсынысымен басталып, қазір журналистер арасындағы дәстүрлі турнирлердің біріне айналып отыр. Биылғы додаға 26 журналист қатысты. Турнир жылдағы дәстүр бойынша швейцариялық жүйе бойынша 5 турдан өтіп, оған шахмат мектебінің ...
Read More »«Астана» «Манчестер юнайтедпен» ойында тарихи жеңіске жетті
Бүгін футболдан «Астана» клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында Англияның «Манчестер юнайтед» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, осы ойынға әдейі үшінші құрамын әкелген ағылшын клубы елдеріне ұпайсыз қайтты. Кездесуде бірінші қонақтар есеп ашты. 10-минутта Джесси Лингард алаң иелерінің қақпасына әдемі гол соғып, «Манчестер юнайтедті» алға шығарды. Одан кейін «Астана» есепті теңестірді. 55-минутта ағылшындардың қақпасын Дмитрий Шомко дәл ...
Read More »Жетісуда журналистер жарысының жалауы желбіреді
Талдықорғанда шағын футболдан тұңғыш рет бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен «BAQ JETISU LEAGUE» біріншілігі өз мәресіне жетті. Оған 6 команда қатысты. Үш пента-трик Қай салада да түрен салатын қаламы жүйрік журналистер екі ай бойы өңіріміздегі №25 орта мектеп пен политехникалық колледждің спорт залына жиналып, ала допты ұршықша иірді. Жарыс он турға созылды. Яғни, алты команда бір-бірімен екі кездесу өткізді. Публицистика шеберлері ...
Read More »Қазақстан құрамасы армрестлингтен 134 медаль жеңіп алды
Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлады. Қорытынды кезең ересектер, ардагерлер, есту қабілеті зақымданған адамдар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті. Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Бұл сында жалпы командалық есепте ...
Read More »