• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Марокко құрамасы 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды

    Марокко елінің ұлттық құрама командасы Катарда өткен әлем чемпионатында төртінші орынға ие болғаны үшін Халықаралық футбол федерациясынан берілетін  25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсауды мақсат етіп отыр.  

    Журналист Халид Бейдунның айтуынша, футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға береді.

    Валид Реграри жаттықтыратын Марокко құрамасы әлем чемпионатында жартылай финалына дейін жеткен алғашқы Африка және араб елінің командасы болды.  Бұл елдің құрамасы топтық бәсекеде Хорватия, Бельгия және Канаданы артқа тастап, 1/8 финалда Испанияны  пенальти сериясында жолдан тайдырды. Одан кейін ширек финалда Португалиядан 1:0 есебімен жеңіп,  жартылай финалда ғана Францияға жол берді. Ал қола жүлде үшін ойында Хорватияға есе жіберді.

    Әлем чемпионаты аяқталысымен Марокко құрамасы елдеріне оралып, мыңдаған жанкүйердің қошаметіне бөленді. Оларды халық ұлттық батыр ретінде қарсы алды. Құрама команданы ел астанасы Рабат қаласының көшесіндегі шеруден кейін аналарымен бірге Марокконың королі Мұхаммед VI қабылдап, құрмет көрсетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *