Астана спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Онда әділ-қазылардың шешімімен еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» номинациясында үздік атанды.
«Жыл серпілісі» номинациясында маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Бұл ұлкен құрмет, аталған марапат мен үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, мен марапатты жеке ала алмадым. Өйткені қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынындамын. Жақын арада Австралиядағы жарыстарда ойнау үшін сол жаққа жол жүремін. Бір жыл бойы маған қолдау көрсетіп, уайымдаған барлық отандастарыма тағы да үлкен рахметімді айтқым келеді. Алдағы жылы да сіздерді жақсы нәтижелермен қуанта беремін деп сенемін. Номинациялар бойынша барлық жеңімпаздарды құттықтаймын, сәттілік пен бар жақсылықты тілеймін», — деді Елена Рыбакина.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА