• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Криштиану Роналду жаңа клубқа ауысады

    Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. 

    Marca басылымының хабарлауынша, тараптар өзара келіскен, таяу уақытта бұл туралы ресми түрде жария етіледі.

    Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен 2030 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Роналду командада екі жарым жыл ойнайды. Қалған мерзімде 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Мысыр және Грекияның өтінім елшісі ретінде қызмет етеді, – деп жазды басылым.

    Португалиялық футболшы келгеннен кейін «Әл-Наср» клубы бірқатар ойыншының қызметінен бас тартады. Клубта аргентиналық жартылай қорғаушы Гонсало Мартинес пен өзбекстандық шабуылшы Жалолиддин Машарипов ойнамауы мүмкін.

    Алдын ала мәлімет бойынша Роналду 2,5 жыл жарым уақыт бойы ойыншы ретінде маусым сайын 200 млн-дай еуро алады. Әлем чемпионатын өткізуге елші қызметіне кіріскеннен кейін бұл қаржы еселене түспек.

    Осылайша, 37 жастағы ойыншы жеті жылдық ынтымақтастық кезінде миллиард еуродан астам табыс табады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *