• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

    Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық кезеңінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты.

    «Қаршығалар» тобында өнер көрсететін Елена Рыбакина «Сұңқарлар» сапында шыққан қарсыласын 0:6, 6:1, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

    Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта отандасымыз 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. А.Соболенко 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

    Енді Е.Рыбакина германиялық Александр Зверевпен бірге 22 желтоқсанда аралас сында канадалықтар Феликс Оже-Альяссим – Эжени Бушармен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *