• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мбаппе «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін

    «Манчестер Юнайтед» клубы мен Англияның ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни Франция командасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге «Пари Сен-Жермен» жасағынан кетуге кеңес берді.

    «Менің ойымша, Килиан Мбаппе өз клубын тастап, ағылшын премьер-лигасының командасына ауысуы керек. «ПСЖ» сөз жоқ, үлкен клуб. Бірақ ол Франция чемпионатының шыңына жетті. Енді оған басқа командаға кету керек», — деді Руни.

    Оның айтуынша,  Мбаппе Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың деңгейіне жету үшін «Манчестер Юнайтедке» немесе Мадридтің «Реал» клубына ауысуы керек.

    Бұған дейін Мбаппе «Париж Сен-Жерменн» 2023 жылдың жаз айларында кеткісі келетінін мәлімдеген болатын. 23 жастағы футболшы Франциядан кетсем, айлығы «ПСЖ»-дан аз болса да мықты чемпионатта ойнауға келісімімді беремін, деген еді.

    «Мұндай вариант болса қарсылығым жоқ», — деді ол.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *