• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Нұрсұлтан Құрман «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

    Белгілі журналист,«Хабар» агенттігі АҚ-тың продюсері, «Не хабар» жобасының авторы, жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды. Оған сыйлық «Жылдың үздік спорт блогері» аталымы бойынша берілді.

    Журналист Youtube желісіндегі өзінің «Nursultan Qurman» арнасында негізінен отандық футбол тақырыбында сұхбаттар алып, подкасттар түсіреді. Сонымен бірге ол «Zhuldyz liga» өнер және медиа қызметкерлері арасындағы футбол және волейбол біріншіліктерінің авторы.

    SportPress ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы әріптесімізді «Алтын адам» сыйлығымен құттықтай отырып, зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *