Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты мәресіне жетті.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-тың хабаруаныша, жарыстың соңғы күні ересектер жекелей және командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жекелей сында Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде алса, Низамиддин Халматов (-55 кг), Софья Берульцева ( +68 кг), Нұрнияз Елдашов (+84 кг) күміс медальге, Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Дидар Әмірәлі (-67 кг) қола жүлдеге ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА