• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ФИФА президенті әлем чемпионатына қатысты ұсыныс айтты

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатын үш жыл сайын өткізуді ұсынды.

    Daily Mail хабарлауынша, Инфантиноның идеясына 18 желтоқсанда  Катарда аяқталған әлем чемпионатының коммерциялық және спорттық табысы түрткі болған. Турнирден түскен табыс рекордтық 7,1 млрд еуро болды. Бұл 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатынан 1 млрд еуроға көп.

    2030 жылға дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Өйткені, бұл датаның соңына дейін халықаралық күнтізбе бойынша келіссөздер аяқталған.

    Қазіргі уақытта әлем чемпионаттары дәстүрлі түрде төрт жылда бір рет өткізіледі.

    2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Оған 48 ұлттық құрама қатысады. 2030 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны әлі таңдалмаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *