• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды.

    Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты.

    Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдон турнирінде топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды.

    Бұл байқауды «Еуразия жыл адамы» ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы жыл үздіктеріне «Алтын адам» сыйлықтары тапсырылады. Оны анықтау үшін ел арасында сауалнама жүргізіліп, сарапшылар дауыс береді. Ұйымдастыру комитеті талдау жасап, қазылар алқасы үздіктерді таңдайды.

    Әр жылдары Қазақстанда Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Елена Хрусталева, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Фируза Шәріпова, Қазбек Валиев, Зульфия Габидуллина және басқа спортшылар лауреат атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *