• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2023

    Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

    Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалына шықты. Бүгін қыздар құрамасы Иран командасымен кездесті. Күннің желді болғанына қарамастан, теннисшілеріміз қолайсыз ауа райына тез бейімделгенін көрсетіп, қарсыластарын ұтты.. Әуелі Анастасия Крымкова бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде Атфи Нитиді 6:3, 6:3 есебімен жеңді. ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасына өзгеріс енгізілді

    1 мамырда Өзбекстан Республикасының астанасы -Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Оның ашылу рәсімі «Хумо Арена» спорт кешенінде болып, оған осы елдің премьер-министрі Абдулла Арипов, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев, Өзбекстанның Жастар саясаты және спорт министрі Адхам Икромов пен басқа да чемпионатқа жауапты адамдар қатысты. Осы күні жарысқа әлемнің 140 елінен келген былғары қолғап шеберлері жеребе ...

    Read More »

    Футболдан әйелдер арасында Ұлттар лигасы өтеді

    Бүгін әйелдер құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс Олимпиялық ойындар мен Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу турнирі болып саналады. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Ұлттар лигасы алғаш рет 2025 жылы әйелдер арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі болып өткізіледі. Биылғы жылдың күзінен бастап ...

    Read More »

     Бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Дүбірлі додада отандастарымыз 13 салмақта бақ сынайды. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды белгілі спортшылар бар. 48 келі. Санжар Тәшкенбай — Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан) 51 келі. Сәкен Бибосынов — Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхория (Үндістан) 54 келі ...

    Read More »

    Ангелина Лукас WBC International чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Боксшы Ангелина Лукас Түркияның астанасы — Ыстамбұлда өткен титулдық жекпе-жекте мексикалық Ана Аррасоланы жеңді. Бұл жеңіл салмақтағы WBC International титулына арналған жекпе-жек болды. 10 раундтың соңында сәттілік Ангелина Лукас жағында болды. Оған төрешілердің шешімімен жеңіс бұйырды. Боксшының бұл жеңісі — кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісі. Ангелина Лукас бір жарым жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр. Ол осы WBC International титулды ...

    Read More »