• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 30.04.2024

    Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды

    Ұлыбританияның астанасы — Лондонда Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Rraketkasi. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Корея командасымен ойнайды. Бұл матч Астанада 15-16 немесе 17-18 қарашада болады. Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Жапонияға жол беріп, командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмаған еді. Ал Мадридте ...

    Read More »

    «Барғандары бір қора, алғандары бір қола»: Қазақстан дзюдошылары Олимпиададан жүлде ала ма?

    Астанада дзюдодан өтетін Grand Slam әлемдік турнирге алыс-жақын 89 елден 475 спортшы келеді. Дзюдо отаны — Жапониядан бір спортшы жарысқа өтінім берген. Сондықтан жарысқа Жапониядан бір-ақ дзюдошы қатысады. Былтыр елімізде болған Grand Slam турниріне үш жапон қызы келіп, 1 алтын, 1 күміс медаль алған еді. Айтайын дегенім, туризм және спорт министрі Жапония мен Өзбекстаннан неге үлгі алмайды? Мысалы, Жапонияға оқу-жаттығу ...

    Read More »

    Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінде қола жүлдегер атанды

    Францияның Мец қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында Алан Құрманғалиев үшінші орын иеленді. Ол турнирде Иван Кан (Нидерланд), Ронд Брент (Нидерланд), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) сынды спортшылардан басым түсті. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев Жапонияның өкілі Юхи Сакаидан  1:3 есебімен жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты. Былтыр Алан Құрманғалиев Португалияның Вила Реал қаласында ...

    Read More »

    «Қымбатты балаларым!»: Өзбекстан тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды

    Өзбекстанның Олимпиада құрамасы футболдан Катарда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия кубогының жартылай финалында Индонезияны жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды. Енді Темур Кападзенің ойыншылары Парижде өтетін төрт жылдықтың ең танымал спорт жарысына қатысады. Матчтың бірінші таймында Өзбекстан құрамасында бірнеше мүмкіндік болғанымен, есеп ашылмаған еді. Ал екінщі таймның 68-минутында Хусайн Норчаев пен 86-минутта Абдуқодир Хусановтың голдары ...

    Read More »

    Шынықсаң шымыр боларсың…

    Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Алматы қаласының «Көктем» санаториясының спорт залында алғаш рет журналистерге арналған волейболды отырып ойнаудан инклюзивті турнир өтті. Мүгедектігі бар спортшылармен бірге ойнап көру және Париж 2024 Паралимпиада ойындарының алдында атлеттерге қолдау көрсетуге арналған сайысқа «Ситибанк» демеушілік жасады. Ойынға қатысатын волейболшылар бес командаға іріктеліп, ойын алдында түрлі дене жаттығуларын жасады, қатарға тұрып еліміздің әнұранын шырқады, журналистер ойын ...

    Read More »

    «Қазақ күресінің қара нарлары» (ФОТО)

    Ақын Ордабайұлының кезекті жаңа кітабы оқырманға жол тартты 2024 жылдың 27 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында белгілі спорт журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Желтоқсан көтерілісінің ардагері, «Қазақ күресіне еңбегі сіңген» орденінің журналистер арасындағы тұңғыш иегері  Ақын Ордабайұлының «Қазақ күресінің қара нарлары» атты кітабының тұсаукесер таныстырылымы өтті. Іс-шараға қазақ күресінің майталмандары, елімізге ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

    Финляндияда хоккейден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Чехия командасымен кездесіп, қарсыластарын 4:3 есебімен жеңді. Матчтың бірінші кезеңінде Чехияның ойыншылары Қазақстанның қақпасына екі шайба салып, алға шықты. Содан кейін Большедворский мен Корнеев есепті теңестірді. Үшінші кезеңде чех Ехо командасына бір гол сыйласа, ұлттық құрамада Перкин таблодағы есепті 3:3-ке өзгертті. Ойынның нүктесін Шипилин қойды. Есеп -4:3. Осылайша Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Зағип шахматшылардың республикалық сайысының жалауы желбіреді

    Таяуда Тараз қаласында зағип шахматшылар арасында жекелей Қазақстан чемпионаты аяқталды. Зағип шахматшылар екі топта: көздері мүлдем көрмейтін және әлсіз көретіндер жекелей ретте жарысты . Классикалық дәстүрлі шахматпен қоса биыл Рапид-жылдам шахмат түрінен де алғаш рет жарыс қатар өтті. Классикалық жарыс 9 ойынмен , ал Рапид-жылдам шахмат 7 ойын кездесуімен швейцар жүйесінде өткізілді . Бірінші топтағы көздері көрмейтіндер арнайы белгісі бар ...

    Read More »