• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия ойындары

    V Азия Пара ойындары: Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдегер атанды

    Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдені жеңіп алды. Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сингапурлық Хун Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңіп, үшінші орын алса, Ғалымжан Смағұлұлы J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Өзбекстан өкілін қосымша уақытта айласын асырды. Алайда ол жартылай финалда Корея Республикасының спортшысына есе жіберді. ...

    Read More »

    Пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза – Азиада чемпионы!

    Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза еліміздің қоржынына төртінші алтын медальді сыйлады. Ол J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, чемпионы атанды. Сонымен бірге ерлер арасында кешенді жүзуден өткен финалдық жарыста Диас Кенжебек 200 метрді 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бірінші болып мәреге жапониялық спортшы Минай Акито 2:18.11 ...

    Read More »

    Қазақстан қоржынына тағы екі алтын жүлде түсті

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жалауы көтерілген V Азия пара ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара оқ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (трек), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, арбадағы теннистен, пара таеквондодан, боччадан, волейболды отырып ойнаудан және пара жеңіл атлетикадан сынға түсті. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтыққа пневматикалық ...

    Read More »

    Бүгін V Азия Пара ойындарының жарыстары басталады

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталады. Қазақстан спортшылары пара үстел теннисінен жекелей сында бақ сынайды. Жарыстың алғашқы күні пара үстел теннисінен 32/1 финалдағы ойындар болады. Еліміз атынан Марат Суртубаев, Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Антонина Рогова мен Ардақ Нұрмағамбетов жарыс жолына шығады. Жарысты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында ...

    Read More »

    Қазақ волейболы: сұрақ көп, жауап жоқ

    Төртжылдықтың басты додасы ХХ жазғы Азия ойындары да аяқталды. Қазақстан спортшыларының жетістіктері де бар, алайда көңіл көншітпейтін нәтижелер мен қордаланған мәселелер одан да аз емес. Қазір сала мамандары жарыс қорытындысын саралап, спорттағы кемшіліктерді ашық сынап, нақты ұсыныстарын білдіруде. Бұл — заңды әрі қажетті үдеріс. Өйткені, спорттағы әрбір жеңіс пен жеңілістің артында мемлекет қаржысы, мыңдаған спортшының маңдай тері, бапкерлердің еңбегі және ...

    Read More »

    Спортшылар V Азия Пара ойындарына аттанып барады

    Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары – Аичи-Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл дүрмекті дода 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. Іс-шараның ...

    Read More »

    Азия пара ойындарына 150 спортшы аттанады

    18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия пара ойындары өтеді. Додаға 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медальды сарапқа салады. Еліміздің ұлттық құрамасы сапындағы 150 ойыншы спорттың 12 түрі бойынша өнер көрсетеді, 1 командалық, 11 жекелей спорт түрінен ел ...

    Read More »

    Алексей Луценко алты дүркін Азиада чемпионы атанды

    Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Алексей Луценко топ жарды. Велошабандоз 4 сағат 13 минут 11 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл – Луценконың биылғы Азия ойындарындағы екінші алтын жүлдесі. Ол жарыстың алғашқы күнінде жекелей ...

    Read More »

    Бас жаттықтырушы Нұржан Насанов: Боксшылардың жеңіске деген жігері жақсы

    Бокстан Жапонияда жалауы желбіреген ХХ жазғы Азия ойындарындағы бокстан жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталды. Бұл күні Қазақстан құрамасы шаршы алаңға шыққан жоқ. Бокстан жекпе-жектер 2 қазанға дейін болады. Азия ойындарының алдында ұлттық құрама оншақты елмен бірге жарыс алдында бірлескен жаттығу жиынына қатысты. Сонымен ерлер құрамасында Махмұд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), ...

    Read More »

    Жазғы Азия ойындарына қай облыстың спортшылары көп барады?

    2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарына 525 спортшы қатысса, биылғы Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтетін додада бақ сынау үшін 559 отандасымыз тіркелді, деп хабарлады SportPress.kz 1.Алматы қаласы — 124 спортшы (2023 жылы 108 спортшы барған). Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа регби-7 (18 адам), семсерлесу (9 адам), киберспорт пен көгалдағы хоккей (8 адам) кіреді. 2.Астана ...

    Read More »