• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еске алу

    Кенен ауылында өткен келісті турнир

    «Ауылылым алтын бесігім», демекші, ауылылға барып, туған-туыс, ел-жұртпен қауышып қайтқанда алған әсерді ауылда туып-өскен жан ғана білетін шығар. Кеше Алла сәтін салып туып-өскен Кенен ауылына жол түсіп барып қайтқан едім. Қасиетті қара шаңырағыма бас сұғып, әкем мен анам тұрған киелі үйдің әрбір затын сипалап бақилық сапарға кеткен ата-анамды сағына еске алдым. Сосын бесін намазымды оқып, кіндік қаным тамған қара шаңырағымның ...

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді

    (Амангелді Сейітхановтың құрметіне команда құрылды) Жақында астанада шағын футболдан журналистердің BAQ League біріншілігінің кезекті маусымы басталды. Оған белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхановтың құрметіне құрылған «Жеңіс Dream team» командасы да қатысып жатыр. Осы жасаққа жиналған барлық жігіттерге алғысымды айтамын. Командаға шақырған әріптесім Всеволод Хванға ризашылығымды білдіремін. Аужекең екеуі «Литер» командасында бірге ойнаған еді. Ол кезде Аман ағаммен мен 2020 – ...

    Read More »

    Есімі ел есінде

    Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында қазақ күресіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттық күресіміздің жанашыры, Қазақстан Республиксына еңбегі сіңген жаттықтырушы марқұм Нұржан Өтеновты еске алуға арналған төл күресімізден ересектер арасында республикалық жарыс болып өтті. Негізі бұл қазақ күресінің қазанында қайнасып, өмірінің соңғы сәтіне дейін бар күш жігерін салған ардақты жанды еске алуға арналған сауапты шара еді. Қазақ күресі бірде құлдилап, ...

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді (ФОТО)

    Біздер қасымызда  жүрген қадірлі, құрметті жандарды тек арамыздан кеткенде ғана біліп жатамыз. Әрине, адамның  артықшылығын көзі тірісінде бағаланып, халық алдында лайықты бағасын алып жатса одан артық не бар шіркін. Қазақтың көптеген жақсы, жайсаңдары ортамызда жүргенде барынша еленбей, бақилық сапарға аттанып кетіп жатқандарында ғана «Ой, қандай адам еді», деп, жерге сыйғызбай мақтауын келістіреміз. Менің айтпағым, адамды көзі тірісінде жақсы сөздермен жан ...

    Read More »

    Жетісуда жеткіншек балуандар белдесуі тартыспен өтті

    Құлжа тас жолымен шығысқа қарай бет алсаңыз, Бәйсейіттен өткен соң алдыңыздан Сөгеті ауылы шығады. Қазіргі атауы – Нұра ауылы. Осы елді мекеннің алғашқы қазығын қағып,  іргетасын қалаған жандардың  бірі – Сағыныш Есбергенов. Өнегелі ғұмыр кешкен Есбергеннің ұлының есімін ауылдастары  ықыласпен еске алып, құрмет, ізетін аяған емес.  Халыққа қызмет етуде төккен тердің  қайырымы осы болса  керек. Алматы облысының құрметті азаматы, «Сөгеті» ...

    Read More »

    Желтоқсан батырлары жас буынға батасын берді

    Қазақстанға елім, жерім деп келіп, шығыс жекпе-жегі таеквондо спортының негізін қалаған ардақты тұлға, асыл азамат Мұстафа Өзтүріктің атында көптеген жарыстар өтіп тұрады. Ұлтжанды бауырымыздың дүниеден озғанына да көптеген жылдың жүзі болғаны белгілі. Бүгінде Мұстафа Өзтүріктің атында жарыстар жас буын арасында жиі өтеді. Ал, сол жарыстарды ұйымдастырушылардың көпшілгі Мұстафа марқұмның төл шәкірттері. Ұстаздарын жоғары құрметтейтін шәкірттерінің ішінде Байділдә қажы Жұмабектің орны ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    Назымбек қасымда қазір де жүргендей сезінемін…

    Осы сөздерді бірнеше рет қайталады да, дәулескер күйші, талантты өнерпаз Назымбек Молдахметовпен бір ауылда тай-құлындай тебісіп өскен ағайыны, жан досы Фараби Кенжалин ауыр күрсінді. Артынша әңгімеміз жалғаса берді. – Балалық шақта бір ауылда туып, тай-құлындай тебісіп қатар өскен өткен шақты еске түсірсеңіз? – Біздер 1970 жылы Торғай облыс болып дүркіреп тұрған кезде сол өлкенің Арқалық ауданы Қайыңды совхозында дүниеге келгенбіз. ...

    Read More »

    Адамдық эталоны

    Досымыз Дүрәлі Дүйсебай жайлы жайсыз хабарды киелі Түркістан жерінде жүргенімде естідім. Кеше ғана арамызда жарқылдап жүрген дос-ағамның қазасына сенгім келмеді. Бірақ жан-жақтан хабарласып, көңіл айтқан жолдастардың сөзінен кейін Дүкеңнен айырылып қалғанымды аңғардым. Сол сәтте студент кезімізде ҚазГУ-град қалашығынан шығып, әл-Фараби даңғылының бойымен «Қазақфильмге» дейін жүгіріп келетініміз есіме түсе кетпесі бар ма?! Одан соң «Лениншіл жаста» жұмыс істеп жүргенде жазған «Сахи ...

    Read More »

    І Кенжалин оқулары қайраткер қаламгерге құрметті көрсетті

    Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде І Кенжалин оқулары аясында ұйымдастырылған «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өте жақсы өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері құттықтау хаттарын жолдап, шетелдік және отандық ғалымдар, қаламгерлер, БАҚ басшылары мен тілшілері, оқытушылар мен студенттер қатысып, әкемнің журналистика мен ғылымдағы еңбегі туралы әңгіме қозғады. ...

    Read More »