Бүгін қазақ спортының қара шаңырағы, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Қазақтың Спорт және Туризм академиясында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары, еліміздің ең үздік спортшыларын марапаттау салтанаты мен «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өтіп отырған бұл ...
Read More »Кездесу
Еліміздің Олимпиададағы алғашқы алтын медалі көрмеге қойылды
Еліміздің Олимпиада ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі Осло қаласында өтіп жатқан көрмеге қойылды, деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі. Бұл көрме Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайында «Қазақстан-Норвегия: спорт дипломатиясы» деген атпен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі, Қазақстан Спорт баспасөзі қауымдастығы, Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайының ұйымдастыруымен және оған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Сыртқы істер министрлігі мен «QazSport» ұлттық спорт ...
Read More »Ұлттық спортқа арналған алқа мәжілісі аяқталды
Бүгін ұлттық спортты дамытуға арналған үш күндік алқа мәжілісінің қорытынды жиыны болып өтті, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Елордадағы Ұлттық музейде өткен жиынды жүргізген Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бірнеше күндік алқа мәжілісінің мән-маңызын айта келіп, уақыттарын бөліп арнайы келген барша қатысушыларға өз ризалығын жеткізді. Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазановтың құттықтау хаты оқылды. Қорытынды жиынның күн тәртібі бойынша ...
Read More »Семей спорт академиясына «Еңбек Ерінің» есімі берілді
Шығыс өңірінің спорт ұстаханасы Семей спорт академиясына грек-рим күресінен қазақтан шыққан Олимпиада және әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді. Даңқты балуан спорт академиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, шаһар жастарымен оқушылары, жас спортшылар құрметпен қарсы алды. Жақсылық ағаның есімін ұлықтап жатқан жақсы жаңалықты естіп, еліміздің мақтаныштары, байрақты бәсекелерде қазақтың Көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатқан спорт саңлақтары да көптеп ...
Read More »Боксшы Бекзат Саттархановтың ата-анасына құрмет көрсетілді
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен және Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Ведомство басшысы XXVII Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері Бекзаттай ...
Read More »Семейде оқушылар әлем чемпиондарымен жүздесті
Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен кикбоксингтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің екі дүркін чемпионы Нұрболат Рысмағамбетов Семей спорт академиясының оқушыларымен жүздесті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Оқушылар чемпиондарға сауалдарын қойып, кездесу емен-жарқын әңгімемен өрбіді. Әсіресе, жерлесіміз Мерейге қызықты сұрақтар көп қойылды. Оның боксқа келуі, жеңісі пен жеңілісі қатар жүрген спорттық ...
Read More »Алматы облысында балуанға құрдастары құрмет көрсетті
1982 жылы туған азаматтардың биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл. Осындай айтулы шара Алматы облысы, Кеген ауданы, Жылысай ауылындағы Майлы Орманов орта мектебінде де өтті. 1999 жылы алтын ұядан қанаттанып ұшып, үлкен өмірге қанат басқан түлектер араға 20 жыл салып білім ошағына оралды. Бәрі де бір-бір саланың білгір мамандары. 1982 жылғы азаматтар Жылысай ауылының тумасы, самбо, қазақ күресі, дзюдо күрес түрлерінен ...
Read More »Атырау облысында спортты өрге сүйрегендер марапатталды
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өткен жылды қорытындылап, жаңа жылға жоспар түзген келелі кеңес, алқалы мәжіліс өткізіп, облыстың спортын өрге тартып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Спортшылар балына жиналған көпшілік алдында өңір басшысы Атырау өлкесінде спорттың дамуына серпін беріп, қолдау көрсетіп, демеушілік танытып жүрген атымтай-жомарт азаматтарға алғысын білдіріп, халық атынан арнайы төсбелгілермен марапаттады. Бұқаралық спорттың өрісі кеңуіне, шалғайдағы ауыл, аудандарда спорт ...
Read More »Облыс әкімі Семейде спортшылармен кездесті
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей спорт академиясында болды. Академия директоры Мерейғалы Көшкінов облыс әкіміне атқарылып жатқан жұмыстар мен оқушылардың жетістіктері туралы жан-жақты айтып берді. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын спорт академиясы жанынан Даниал Ахметовтің бастамасымен спортқа бейімі мен бейілі бар балаларға арналып 200 орынға арналған жатақхана ашылған болатын. Қазір мұнда күрестің бірнеше түрімен шұғылданатын, волейболмен айналысатын жөсөспірім ...
Read More »Алматыда спорттағы жылдың үздіктері марапатталды
Бүгін Алматы қаласында Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен «Жыл үздіктері-2018» аталымының жеңімпаздары мен «Мәңгілік елім – Қазақстаным» патриоттық әндер фестивалінің лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті. Осымен екінші жыл қатарынан өткен шараның басты мақсаты – көк туымызды көкке көтеріп, әлемдік сындарда мерейімізді асырып жүрген спортшылар мен спорт жанашырларының арасынан үздіктерді таңдап, олардың ел үшін атқарып жүрген ...
Read More »