Күн ұясынан көтерілгенде атқорада тұрған ақбозат иесінің келуін елеңдей күтеді. Қолына жүгенін сүйретіп иесі қораға кіре бастағанда ақбоз кісінеп жіберді. Онысы «жеттің бе әйтеуір», дегенді білдіргендей. Құйрық-жалын сипай келіп, жүгенді мойынына сала бастағанда ақбоз ат иесіне еміренеп жеңінен тартып еркелеп қоятын. Бүгін де сол әдетін қайталады. Ергеш те кезінде дүйім жұрттың дүлділді тұлпарына айналып, көкпардың айлалы арғымағы атанған ақбозын қайыра ...
Read More »Сырт көз — сыншы
Қашықтықтан оқыту жүйесіне дайынбыз ба?
Соңғы кезде әлеуметтік желіде ғана емес, қоғамда қызу талқыға түскен қашықтықтан оқыту жүйесі бүгінде басты проблемаға айналып отыр. Мектеп оқушылары мен студенттер білімдерін үйде, оқытушылар бір сәт тележүргізуші қызметіне ауысып арналардан бейнесабақ бере бастады. Иә, бір жағынан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынып келе жатқан біздің мемлекет үшін керек-ақ дүние, алайда оқушылар да, оқытушылар да бұл жүйеге дайын еместігін көрсетті. ...
Read More »Жақсы кітап – жан азығы
Қазір Қазақстан ғана емес, дүниежүзі үрей мен үміттің ортасында. Үнемі қорқыныш пен уайым адамның иммундық жүйесін әлсіретеді. Өзіңіз және туған-туысттарыңыз үнемі қорқыныш сезімінде болмауы үшін жағымсыз ақпараттар ағынын барынша шектеу қажет. Себебі, адамның ішкі құрылысында кезігетін аурулар психологиямен тікелей байланысты. Көңіл-күйдің түсіңкі болуы, үлкен мидың шаршауы түрлі аурулардың басты себепкері. Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер ...
Read More »Дауыс берген барлық жанкүйерге алғыс айтамыз!
Онлайн-футболдан Қазақстан Журналистер лигасының ұйымдастыруымен өткен «Карантино CUP» турнирінде «Хабар» агенттігінің «Khabar» командасы жеңіске жетті. Бұл турнир елде карантиннің жариялануына байланысты дауыс беру пішінінде BAQ League жобасының Инстаграмдағы парақшасында жүргізілді. Яғни, аталған әлеуметтік желіге тіркелген оқырман парақшаға кіріп, бір рет дауыс бере алды. Жарыс екі аптаға созылып, оған 16 команда қатысты. Командалар күн сайын онлайн ойындар өткізді. Осы сайыстарда дауыс ...
Read More »«Өлісін риза қылатын…» Америка-ай!!!
…Американың көп әдетін, көп ғұрпын қабылдамай жатамыз. Ол жөн де шығар. Өйткені ондай қасиет өзімізде де, елімізде де жоқ! Алысқа кетпейін. Таяуда Ұлттық Баскетбол Қауымдастығы тарихында өшпес із қалдырған ойыншы Коби Брайант тұтқиыл келген ажалдан қайтыс болды. Содан бері бүкіл Америка аза тұтып, көз жастарын тия алмауда. Бұл 300 миллионға таяу халық тұратын елдің бәрі баскетбол ойнаған жоқ қой! Олар ...
Read More »Жақсы келді дегенше — жарық келді десеңші
Ел спортының еңсесін көтеру үшін ауыл-аймақтағы спортты дамыту керек екенін кейбір облыстар ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, жер жанаты Жетісу жерінде ауыл спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оған себеп, қайбір мамандық болсын өз саласының маманы болған жағдайда ғана сол саланың өресі кеңейіп, ісі оңға баса бастайды. Маман болу бір төбе, егер өзінің сүйікті мамандығына сүйіспеншілкпен қарап, белсене жұмыс істесе нұр үстіне нұр ...
Read More »Үздік спортшыны анықтайық
Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы мен Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайты биылғы жылдың үздік спортшыларын анықтау үшін сауалнама жүргізеді. Мысалы, ерлер арасында Бекзат Нұрдәулетов (бокс), Елдос Сметов (дзюдо), Бахтиер Зайнутдинов (футбол) деп таңдасаңыз, әйелдер арасында Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Юлия Галышева (могул) деп спортшы мен жақшаның ішінде оның қай жарыстың түрімен айналасатынын жазсаңыз болады. Ерлер және әйелдерден үш-үштен ...
Read More »Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары анықталды
Мәдениет және спорт министрлігінде спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 27 үміткер қатысып, олардан газет және сайт, телевидениеде жарық көрген 118 жұмыс келіп түсті. Қазақ тілінде 15, орыс тілінде 12 ...
Read More »Еліміздің Олимпиададағы алғашқы алтын медалі көрмеге қойылды
Еліміздің Олимпиада ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медалі Осло қаласында өтіп жатқан көрмеге қойылды, деп хабарлады Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі. Бұл көрме Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайында «Қазақстан-Норвегия: спорт дипломатиясы» деген атпен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі, Қазақстан Спорт баспасөзі қауымдастығы, Ослодағы Холменколлен тау шаңғысы мұражайының ұйымдастыруымен және оған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Сыртқы істер министрлігі мен «QazSport» ұлттық спорт ...
Read More »Бердіқұлов байқауы басталды
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті журналистер арасында қоғам қайраткері, публицист, қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұловтың атындағы байқаудың болатынын хабарлады. Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде шыққан материалға белгіленген. Үміткерлер әлем және Азия чемпионаттарына, әлем ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары