• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    3250949

    Қашықтықтан оқыту жүйесіне дайынбыз ба?

    Соңғы кезде әлеуметтік желіде ғана емес, қоғамда қызу талқыға түскен қашықтықтан оқыту жүйесі бүгінде басты проблемаға айналып отыр.  Мектеп оқушылары мен студенттер білімдерін үйде, оқытушылар бір сәт тележүргізуші қызметіне ауысып арналардан бейнесабақ бере бастады.

    Иә, бір жағынан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынып келе жатқан біздің мемлекет үшін керек-ақ дүние, алайда оқушылар да, оқытушылар да бұл жүйеге дайын еместігін көрсетті. Олай дейтініміз интернеті нашар ұстайтын немесе интернеті жоқ шалғайда тұратын мектеп оқушылары қалай оқиды, интернет жүйесі бар қаланың өзінде компьютер немесе ноутбугы, одан қалды смартфоны кез-келгеннің үйінен табыла бермейді. Бұл процестен оқушыларға дұрыс білім беріле ме? – деген сауалдар көптің көкейін мазалайды.

    Алайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзі қашықтықтан білім беру оңай шаруа емес екендігін атап өтті. Дегенмен дәл қазіргі жағдайда технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім берудің осы үлгісіне көшу керектігін баса айтты. Сонымен қатар бұл жүйе – бізге берілген үлкен сынақ екенін, сондықтан қол қусырып қарап отырмай арнайы цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында курстар өткізіліп, нұсқаулықтар дайындау қолға алынғаны туралы ақпарат берді. Сондықтан оқимын, ізденемін, боламын деген әр адамға ештеңе кедергі болмауы керек деп санаймын.

    Айта кетейік, ел аумағына енгізілген төтенше жағдайға байланысты 6 сәуірден бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне өзгеріс енгізілген болатын. Тіпті биылғы мектеп бітіруші түлектердің соңғы мектеп емтихандары болмайды, соңғы қоңырауы соғылмайды. Ойланатын да ойландыратын да нәрсе. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — дегендей бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел басына келген нәубеттен аман шығуымыз үшін барынша күресейік.

     

    Мәдина ЫСҚАҚОВА,

    Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы

    Ғылыми-әдістемелік қызметінің қызметкері

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *