• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Байдарка және кае+ноэде ескек есу

    Байдарка мен каноэде есу: Қазақстан «Мықтылар кубогында» қола медаль алды

    Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды.  Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    U23 Азия чемпионаты: Стелла Суханова төрт алтын жүлдені жеңіп алды

    Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Сары құрлық додасында U23 санатында ұлттық құрама команданың спортшылары сынға түсіп, 6 алтын, 6 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте екінші орынды иеленді. Алтын жүлде: Денис Кленин (байдарка, 1000 м) Стелла Суханова (байдарка, ...

    Read More »

    Азиада чемпионы Сергей Емельянов пен Руфина Исакаова жеңімпаз атанды

    Түркістан қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден көктемгі Қазақстан чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін еліміздің таңдаулы спортшылары жұптық және командалық сайыста кезекті жүлдені сарапқа салды. Бүгінгі нәтиже мынадай: Байдарка, микст 2 адам (500 м): Артём Терещенко, Ольга Шмелёва Сергей Токарницкий, Ирина Подойникова Кирилл Тубаев, Татьяна Токарницкая Каноэ, микст 2 адам ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында 30 жүлде алды

    Таиландтың Районда қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэ есуден өткен Азия чемпионатында еліміз спортшылары 30 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Спортшылар құрлықтық додада сәтті өнер көрсетті. Ескекшілеріміздің қоржынында 11 алтын, 7 күміс пен 12 қола медаль бар. Турнирге барлығы 17 елдің спортшылары қатысты.  

    Read More »

    Қазақстан байдарка және каноэде есуден алтын медаль алды

    Каноэ мен байдаркада есуден Жапонияның астанасы — Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.  Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші — 01:57.203. Екінші  орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді. Кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж ...

    Read More »