Ат үстінен садақ атудан тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қазіргі кезде жарысқа оннан астам мемлекеттің мергендерінен тапсырыс түсті. Ал, сонда осы дүниежүзілік мергендер сайысына қатысатын қазақ мергендері қатарында кімдер болуы мүмкін? «Алтын жебе» атауы әлем мергендеріне халықаралық турнир ретінде жақсы таныс. Себебі, 2017 жылы және 2018 жылы елорда төрінде «Алтын жебе» жарысы халықаралық турнир ...
Read More »Сайыпқыран
Ертең Қазақстан чемпионаты басталады
19-26 мамыр аралығына белгіленген ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты ертең Тараз қаласында ту көтереді. Биылғы елішілік чемпионат өткен жылғыдай тартысты бола ма? Ұлттық спорттың республикалық басты бәсекесін көзбе-көз тамашалау осы жылы Жамбыл облысының жанкүйерлеріне бұйырды. Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2019 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылған чемпионатта ...
Read More »Арман балуан — аударыспақтан Азия чемпионы
Биылғы Қазақстан чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. 19 мамырда Тараз қаласында ту көтеретін елішілік чемпионатқа әр өңір өз үздіктерін үкілеп қосуға даяр. Бір қуанарлығы, соңғы жылдары ұлттық спорт үздіктерінің қатары қалыңдай түсуде. Солардың бірі – аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының абсолютті салмақтағы чемпионы атанған ақтөбелік Арман САҒЫНБАЕВ. Бүгін жанкүйерге осы Арман балуанды жақынырақ таныстыруды жөн көрдік. Аударыспақ спортында Ақтөбе облысының ...
Read More »Ералхан мерген ел намысын қорғайды
Елордада жамбы атудан І әлем чемпионаты өтеді. Елімізде тұңғыш ұйымдастырылған дүниежүзілік бәсекеде ел намысын қорғайтын бас мергеннің бірі – Ералхан Айкөз. Бүгін жанкүйерге 2015 жылдан жамбы ату жарыстарында үздік шыққан жас мергеніміздің жетістіктерін қысқаша таныстырып өтуді жөн көрдік. Жамбы атудан І әлем чемпионаты елорда төріндегі «Хан-Шатыр» кешені маңында 30 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Ұлттық ...
Read More »Елдос мерген Еуропаға аттанды
Кеше жамбы атудан Қазақстан құрама командасының белді мүшесі, еліміздегі үздік сұрмергеннің бірі Елдос Бадашев Еуропаға аттанды. Ол ат үстінен садақ атудан Мажарстанның Помаз қаласында өтетін әлем кубогына қатысады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Бүгін Венгрияның Помаз қаласында ұйымдастырылған әлемдік жарыстың алғашқы бәсекесі басталды. Дүниежүзінің таңдаулы мергендері ғана бақ сынайтын бұл әлем кубогы үш кезеңмен өтетін ірі жарыс. Алғашқы кезеңі Мажарстанның ...
Read More »Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?
Көзі қарақты жанкүйер, оның ішінде үлкендер болмаса, қазіргі жастар жағы аты аңызға айналған спортшы Валерий Люкиннің Ақтөбе қаласында туып-өскенін біле бермейді. Бүгін сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында Ақтөбеден шығып, азулы АҚШ секілді алпауыт елді мойындатқан Валерий Викторұлы туралы жастар біліп жүрсін деген ниетпен оқырманға шағын ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Валерий Люкин – спорттық гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы ...
Read More »Облыс әкімі Семейде спортшылармен кездесті
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей спорт академиясында болды. Академия директоры Мерейғалы Көшкінов облыс әкіміне атқарылып жатқан жұмыстар мен оқушылардың жетістіктері туралы жан-жақты айтып берді. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын спорт академиясы жанынан Даниал Ахметовтің бастамасымен спортқа бейімі мен бейілі бар балаларға арналып 200 орынға арналған жатақхана ашылған болатын. Қазір мұнда күрестің бірнеше түрімен шұғылданатын, волейболмен айналысатын жөсөспірім ...
Read More »Олимпиада чемпионы Бекарыс Сәдуақас туралы бір үзік сыр
Биыл Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасындағы Жазғы Оимпиада ойындары өткізілді. Ол алдымен 2010 жылы Сингапурде, сосын 2014 жылы Нанкинде жалауы желбіреп, үшінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жарыста дзюдо күресінен алтын жүлдені Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің оқушысы Бекарыс Сәдуақас жеңіп алып, Қазақстанның атын атойлап шығарды. 6-18 қазан аралығында өткен аламан сайысқа 206 мемлекеттен 3998 саңлақ спорттың 32 ...
Read More »Жеңісімен желпінткен жастар
Қазіргі кезде елімізде кенжелеп келе жатқан спорт түрлерінің ішінде еңсесін биік ұстап тұрған бір спорт түрі болатын болса ол Мейбуакан Годзюру карате-до екенін айтуға болады. Осы спорт түрінде жаттығатын қаракөз жастарымыздың көпшілігі бүгінде әлем жарыстарында топжара бастады. Годзюру Мейбукан карате түрінде кірпіш, ағаш секілді қатты заттарды саусақтардың ұшымен сындыру секілді жаттығулары бар. Бұл әрине, көп жаттығып, шыныққанның нәтижесінде жасайтын «тамшавари» ...
Read More »Атырау жұрты Арманға ақ жол тіледі
Аралас жекпе-жектен түрлі халықаралық турнирлерде еліміздің намысын қорғап, жеңіс биігінен көрініп жүрген Арман Әшімов 24 мамыр күні чемпиондық белдеу үшін айқасқа түседі. Қарсыласы – украиналық Александр Доскальчук. Бұл айқаста Арман Әшімов пен Александр Доскальчук М-1 тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласады. Украин Доскальчук жарақатына байланысты спорттан жырақтап ем-дом алумен жүрді. Дегенмен де бабына келген оны осал деуге келмейді. Ол жекпе-жектен 8 айқас ...
Read More »