«Тұрақты еңбек-өнердің де, өмірдің де заңы» Оноре де Бальзак Өнер көзге көрінбей тұншығып жататын құбылыс емес. Мәселен кей кездерде «…би өнері қазақтың қанында жоқ өнер, кейін заман талабына қарай пайда болған» деген пікір би өнерінің пайда болуының түбегейлі зерттелмеген тақырып екендігінің айқын дәлелі. Би – өнер ішіндегі ең бір күрделісі болып саналады. Бір қарағанда, нәзік қимылдардан тұратындай болып көрінеді. Әсіресе ...
Read More »Қоғам
«Almaty Resort» шипажайы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды
ҚР ПІБ МО «Almaty Resort» шипажайы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, қызметкерлер үшін сенбілік ұйымдастырды. Инженерлік-шаруашылық қызметінің басшысы Евгений Чудин акцияға қатысу экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын айтып, сонымен қатар, үлкен және тату ұжымның корпоративтік рухын нығайтатынын атап өтті. Көтеріңкі көңіл-күймен емдеу-сауықтыру кешенінің басшылығынан бастап, мейірбике қызметкерлері, тамақтану бөлімі және шаруашылық бөлімі ...
Read More »Отандық өнім
Табиғат пен адамзаттың өмір сүру ережесі заманға сай өзгеруі денсаулыққа әсер етпей қоймасы анық. Оған күн өткен сайын көзіміз жете түсуде. Ем іздеген елдің сұранысын ебін тапқандар бизнеске айналдырып алғалы қашан. Басты мақсаттары ауырмайтын адамдар емес, айналып келіп ақшасын төге беретін науқастар. Сыртқы елдерден түрлі, кейбірде кері әсер беретін, дәрілік препараттар көптеп кіріп жатыр. Дабырасы басым болғанымен дауасы жоқтың қасы. ...
Read More »Алманың отаны – Алматы
Халықаралық алма күніне байланысты Алматыдағы Президент Іс басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі алма фестивалі өтті. Мерекені тамашалауға келген көпшілікке аспаздың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды. Шипажай директорының айтуынша, алма мерекесін өткізудің мақсаты- демалушылар мен келушілерге көтерінкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ жеміс тарихын насихаттау. Халықаралық алма күніне орай біздің аспаз қыз-жігіттер арнайы рецепт бойынша жаңа піскен алмадан ...
Read More »Қазақ спорты — дария, балалар спорты — бұлақ
Жаратылған адамның балалық құшағында қанаты қатаяды. Спорттың да табиғаты осындай. Балалар спорты іргетас, соны қалау арқылы ұлттық спорт қамалы бойын тіктейді. Мұны ой елегінен өткізіп, әрекетпен жүзеге асырған елдің спорты да озық. Кең құлаш жайған АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Жапония сынды спорт бүркіттері қырағылы сондай әу бастан осы балалар спортына ұлттық спорттың өркендеуінің кілті деген мән беріп тастаған. Жартасқа ұрғылаған ...
Read More »Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекетке қайтырылады– Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласын бойынша депатраментінің басшысы Дәурен Ерғарин сот үкімімен Мұз сарайын сатып алу және сату шартының күші жойылғанын хабарлады. Otyrar.kz-тің хабаралуынша, департамент қала прокуратурасымен бірігіп, Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биылғы жылдың 27 мамырында бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін жеке меншікке 128 млн теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды. Сот ...
Read More »Сыртқы істер министрлігінде «Ізгі ниет елшілері» жобасы басталды
Cыртқы істер министрлігінде «Қазақстанның ізгі ниет елшілері» жобасы басталды. Осыған байланысты ведомствода салтанатты іс-шара болып, оған премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысты, деп хабарлады ведомство. «Ізгі ниет елшілері» жобасы мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отыр. Ол мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға және еліміздің жетістіктерін шет елдерде дәріптеу мақсатында танымалдылығын арттыруға бағытталған. Министр өз алғы сөзінде Біріккен ...
Read More »Еуропалық Одақтың бизнес өкілдерімен кездесу
Алматыда Еуроодақ агроазық-түлік кәсіпорындарының делегациялары бас қосты. Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесі. Тығыз ынтымақтастық миссия ЕО-ның Қазақстандағы агроазық-түлік позицияларын нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы агросаланың дамуына ғана емес, Орталық Азиядағы басқа елдерге де оң әсер етіп, ЕО-ның агроазық-түлік тауарын экспорттаушыларға аймақты кеңейтуге көмектеседі. Осыған байланысты ЕО агроазық-түлік кәсіпорындарының Еуропалық делегациясымен қазақстандық кәсіпкерлер кездесіп, әңгіме дүкен құрды. Бизнес – ...
Read More »Су тасқыны: Арқалыққа қарасты ауылдарда киіз үйлер тігілді (ВИДЕО)
Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Арқалық қаласының тасқын судан зардап шеккен Екідің мен Қызыл жұлдыз ауылдарының тұрғындарына 35 киіз үй тігіп берді. Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, қоғамдық қордың директоры Қасым Қасабеков арнайы келіп, 32 киіз үйді Екідің ауылының тұрғындарына табыс етті. Алты қанатты ақ шаңқан киіз үйлер құрылып, жеребе арқылы иелері анықталды. Қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін ...
Read More »Цифрландыру — бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт
Алматыда «Цифрлық жаңғыру-2024» атты форумы өтті. Бизнес-форум ірі коммерциялық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін бір алаңға жинады. Қатысушылар цифрлық бұлттық технологиялар, монетизацияның негізгі құралдары, Қазақстандағы инновациялық даму барысы мәселелерін талқылады. Цифрландырудың негізгі трендтерінің ішінде форум спикерлері генеративті жасанды интеллекттің дамуын ерекше атап өтті. Мұндай шешімдер қазірдің өзінде компанияның процестерін оңтайландырып, оған құндылық бере алады, ал болашақта олардың инвестициялық тартымдылығы одан ...
Read More »