Елімізге белгілі азамат Ислам Әбішев басқаратын Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы Бразилияда төл күресімізден Панамерика чемпионатын өткізді. Бразилия төріне төселген кілемге Солтүстік жəне Оңтүстік Американың Мексика, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Перу, Чили, Колумбия, Аргентина елдерінің палуандары қатысты. Панамерика чемпионатында сегіз елдің өкілдері 80 және 80 килодан аса салмақ дәрежесінде күреске түсті. Осы жарысқа Қазақстан делегациясын Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік ...
Read More »Басты тақырып
Қазақ күресі Конфедерация кубогына қосылды
Биыл Конфедерация кубогы екінші рет жалауын көтереді. Бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлерінен өткізілетін жарысқа биыл төл спортымыз қазақ күресі де қосылды. 1 желтоқсан күні Алматыда қазақ күресінен клубтар арасындағы жарыстың іріктеу кезеңі өтеді. Ал 2-3 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында іріктеуден өткен 4 команда Конфедерация кубогының аясында өзара жүлдегерлерлерді анықтайды. Публикация от Confederation.kz (@confederationkz) Ноя ...
Read More »Есет Қуанов — самбодан әлем чемпионы! (видео)
Ресейдің Сочи қаласында самбо күресі мен әскери самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 86 елінен келген самбошылардың қатарында Қазақ елінің палуандары да қатысып, бақтарын сынаған болатын. Бұл жолы ел қоржынына көптен күткен алтын жүлде түсті. 62 килода белдескен Есет Қуанов Сочи аспанында Қазақ елінің əнұранын асқақтатты. Сөйтіп, батыр ұлымыз самбодан әлем чемпионы атанды. Есеттің алтын жүлдесінен басқа ...
Read More »Бокстан Қазақстан чемпиондары анықталды
Биылғы Қазақстан чемпионатының ерекшелігі, Бокс федерациясы АІВА-дан «үш жұлдызды» екі төрешіні шақырған еді. Ағылшын және ирландиялық төрешілердің міндеті – қазылардың жұмысын бақылап, әділ бағасын беруге жәрдемдесу. Жарыс барысында шетелдік төрешілер Пинчук пен Құттыбеков арасындағы жекпе-жекті қайта қарап, финалға Антон Пинчукті жіберді. Тап осындай жағдай финалда да кездесті. 51 кило салмақта маңғыстаулық Азамат Исақұлов пен оңтүстікқазақстандық Олжас Байниязовтың арасындағы текетіресте 4:1 ...
Read More »Дзюдо: қазақ палуандары жүлде алып жатыр
Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған 83 елден 500-ден астам палуан қатысып жатыр. Бүгін, дүбірлі доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар да татамиге шықты. Солардың арасында 44 кило салмақта Әбиба Әбужақынова деген қызымыз күресіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір Еуропаға ел үмітін арқалап барған палуанымыз Бауыржан Нарбаев 55 кг салмақта қола медальді жеңіп алды. Бұл ...
Read More »Түркия туры: «Астана» жүлдегерлер қатарынан көрінді
Анадолы елінде осымен 53-ші рет жалауы желбіреген «Түркия туры» жарысы өз мәресіне жетті. Бұл бәйге бір жетіге созылып, жер-жүзінің велоспорт жарысына қызығатын жанкүйерлерінің бар назарын өзіне аударды. Осы сынға еліміздің атынан «Астана» кәсіпқой велоклубы да қатысты. Онда қазақстандық команда жарыстың барлық кезеңдерінде қарсыластарына лайықты бәсекелес болып, екі рет жүлделі орыннан көрінді. Турдың төртінші күні итальян Диего Улисси біріккен Араб Әмірліктерінің ...
Read More »Әлемдік дода отыз сегіз елдің басын қосты
Жақында Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен өткен жетінші әлем чемпионатына 38 елдің палуаны қатысты. Жарыста қара нәсілді спортшылардың үстіне төл күресіміздің күртешесін киіп, «Баста», «Тоқта» деген төрешілердің қазақ тілінде берген бұйрықтарына бағынып, күресіп жатқан сәтін көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі билейді екен. Әлем чемпионатына қатысқан мемлекеттердің көпшілігінде қазақ күресі федерациясы жұмыс істейді. Кейбірінде енді ашылғалы жатыр. Бұл дегеніміз – қазақтың ...
Read More »Александр Медведь: «Қазақ күресі — ең таза күрес»
Жақында Минск қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында атақты Александр Медведьпен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді. Сол шағын сұхбатты оқырманның назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Александр Медведь – еркін күрестен 3 дүркін Олимпиада, 7 дүркін әлем және 3 дүркін Еуропа мен 9 дүркін КСРО чемпионы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының құрметті президенті. Бұл кісі бізбен әңгімеде қазақ күресінің күрес түрлерінің арасындағы ...
Read More »Дзюдодан дүрмекті дода басталады
Енді міне, санаулы күндерден кейін Хорватияда жастар арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Бұл дода 18-22 қазан күндері өтеді. Ел құрамасы күні бүгін Хорватияға аман-есен жетіп, салмақ өлшеп дүбірлі додаға дайындалып жатыр. Сербияда самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионатындағы спортшыларымыздың жеңісті жолын дзюдошыларымыз жалғастырып, бұл сыннан да толағай табыспен оралады деген үмітіміз бар. Сіздердің назарларыңызға Хорватия татамиінде Алаштың намысын ...
Read More »Қазақстан үздік үштіктен көрінді
Кеше кешкісін Сербияның Нови Сад қаласында самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні 52 кг салмақта күрескен Жадыра Әміртаева ел қоржынына үшінші алтын жүлде салды. Бұдан басқа Ақбота Арынғазина (64 кг) екінші орынды иеленсе, Ернұр Сүлеймен (56 келі), Қайыркелді Айдынбай (57 кг) мен Қайсар Шамшиддинов (100 кг) қола медальді қанағат тұтты. Сонымен Қазақстан құрамасы ...
Read More »