• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Тағылымы зор тартымды кездесу

    Еліміздің әр өңірінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалардың игілігі үшін» атты республикалық акция өтіп жатқаны белгілі. Осы акция аясында Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы, WBO орта салмақтағы құрлықаралық чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері Қанат Исламмен кездесу болып өтті. «Бүкіл адамзаттың келешегі — жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, ...

    Read More »

    IBA бірнеше елдің бокс федерациясын шеттетті

    Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жеті елдің бокс федерациясын шеттетті. Қауымдастықтың мәліметіне қарағанда, Жаңа Зеландия, Германия, Швеция мен Нидерланды басқа бокс ұйымының мүшесі болуына байланысты, ал Чехия, Либерия және Экваторлық Гвинея елдерінің федерациялары IBA-ға жылдық есептерді беру кезінде жіберген қателерге байланысты IBA-ның мүшесі болып саналмайды. Жақында Халықаралық бокс қауымдастығы Өзбекстанның Ташкент қаласында ересектер арасында әлем чемпионатын өткізген болатын. Осы додаға 107 мемлекеттен ...

    Read More »

    Василий Жировтың аты АҚШ-тың Даңқ залына жазылды

    Василий Жировтың аты АҚШ-тың Жекпе-жек өнерінің даңқ залына жазылды. Ол әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 10 айқаста ғана жеңілген. Қазір оның жасы 49-да. Жиров 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленген. Осы жарыста ол Вэл Баркер кубогын алды. 1993, 1995 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы болған. Василий Жиров 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысады. ...

    Read More »

    «Ол мені алдап кетті»: ресейлік боксшы Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойындамады (ВИДЕО)

    Ресейлік боксшы Имам Хатаев Russian today ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ташкентте бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойныдамайтынын айтты. Еске сала кетсек, қазақ боксшысы 80 келі салмақта ресейлік спортшыны жартылай финалда жеңіп, финалға шыққан болатын. – Қола медаль да үлкен жетістік қой. Алайда сіз бір сөзіңізде әлем чемпиоантына алтын жүлде алу үшін барғаныңызды айтып қалдыңыз. Әлемдік додадағы нәтижеге көңіліңіз тола ...

    Read More »

    Бапкерлерге мың алғыс!

    Ташкент төріндегі әлемдік чемпионат қазақ жұртшылығын дүр сілкінтіп өтті. Естеріңізде болса, осыдан тура 39 жыл бұрын да Ташкенттен қанжығамыз майланып, арқа-жарқа боп оралғанбыз. Тарихта тұңғыш рет Советтер одағының чемпиондық атағын 4 қазақ боксшысы жеңіп алған еді. 1984 жылғы ССРО чемпиондары: Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқазов, Серік Қонақбаев, Асылбек Қилымов! Енді, міне, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай дүниежүзілік чемпионаттың ...

    Read More »

    Таразда да бокстан әлем чемпионарына пәтердің кілті табыс етілді

    Таразда Өзбекстанда бокстан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері Асыланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа құрмет көрсетілді. Оларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов әлем чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ ол боксшылардың жеке жаттықтырушылары — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен жаттықтырушы Ермек Ертаевтың сіңірген еңбектерінің зор екенін айтып, құрмет көрсетті. Кездесуде өңір басшысы боксшылардың ата-аналарына да алғыс айтып, әлем чемпионатының жүлдегері атанған перзенттеріне ...

    Read More »

    Боксшы Махмұд Сабырханға екі бөлмелі пәтер берілді

    Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханға Шымкенттен екі бөлмелі пәтер берілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен оның жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековпен кездесіп, сый-сыяпат көрсетті. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Осы додада ол құраманың қоржынына екінші алтын жүлдені әкелді. Ол  1/32 ...

    Read More »

    Белгілі кәсіпкер Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтын жүлде алған Санжар Тәшкенбайға пәтер кілті табыс етілді. Оған бір бөлмелі пәтерді Beles құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі табыс етті. Сонымен бірге ол әлем чемпионы мен оның жеке жаттықтырушысы Нұржан Насановтың астына сәйгүлік мінгізіп, құрмет көрсетті. Санжардың ата-анасының айтуынша, олар Астанада 20 жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Санжардың анасы баласының жаңа ...

    Read More »

    «Әлем чемпионаты Қазақстанда болғандай»: Өзбекстанды қазақ жанкүйерлері  тәнті етті (ВИДЕО)

    Бокстан Ташкентте ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Өзбекстан халқы Қазақстаннан боксшыларды қолдаған жанкүйерлерге тәнті болды. Нағыз бокс жанкүйерлері Қазақстаннан келді. Ал бізден боксты, негізінен, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер тамашалады. Қазақтар айғайлағанда біздікілер естілмей қалады. Әлем чемпионаты қай елде өтіп жатыр өзі?, — делінген  Instagram-дағы bugun_sport  парақшасы. Ташкентте 1-14 мамыр аралығында бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 4 алтын мен ...

    Read More »

    Президент бокстан әлем чемпиондарымен кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен жаттықтырушыларымен және әлем чемпиондарымен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Кездесуге Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен бокстан әлем чемпионы атанған спортшылар – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауов қатысты. Мемлекет басшысы спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтады. Әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс медаль алу – зор жетістік. Қазақ жігіттері ...

    Read More »