Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2024 турнирінде екі алтын медальді жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева мен 81 келіден аса салмақта күш сынасқан Ләззәт Күнгейбаева жеңімпаз атанды.
Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шығып, оның жетеуі шешуші айқаста қарсыластарынан жеңіліп қалды. Олар – Әйгерім Сатыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мадина Нұршаева (70 кг), Гүлсая Ержан (75 кг) мен Фариза Шолтай (81 кг).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА