• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Боксшы Виктор Теміров үшінші қарсыласын да нокаутқа жіберді

    Боксшы Виктор Теміров кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді. 22 жастағы былғары қолғап шебері Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық Милош Яньянинмен кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланса да айқас ұзаққа созылмады. Үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді. Содан кейін төреші отандасымыздың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді. Осылайша Виктор Теміров кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті. Ол барлығында ...

    Read More »

    Біздің боксшылар қазақтардан мықты – Өзбекстанның Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады

    Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов Өзбекстанның БАҚ-тарына берген сұхбатында Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырып, қай елдің шаршы алаңда мықты екенін айтты.   Боксшы таяуда Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының Өзбекстанның жеке жарысына айналғанын атап өтті. Азия чемпионатында біздің елдің бокмсшылары 10 салмақ дәрежесінде болған айқастарда 9 алтын медальді жеңіп алды. Мұндай жағдай тарихта бұрын-соңды болмаған. Рас, былтыр әлем ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингісінде үздік үштікке кірді

    The Ring журналы әр салмақ дәрежесі бойынша үздік боксшылардың жаңа рейтингісін жариялады. Орта салмақтағы тізімде Геннадий Головкин көш бастап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. The Ring нұсқасы бойынша ең үздік орта салмақтағы топ-10 боксшы: 1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан) 2 (3). Хайме Мунгия (Мексика) 3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 4 (6). Карлос Адамес ...

    Read More »

    «Сәпиевті де жаттықтырған». Жасы 80-ге таяған бапкер балаларға бокс үйретіп жүр

    Қарағанды облысында қарттар үйінде тұрса да балаларды жаттықтырып жүрген бапкер бар. Жас кезінде талай шыңды бағындырған ол енді шәкірттерін жетістікке жетелемек, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы. Жасы 80-ге таяса да спортты серік еткен Есіркеп Жақсыбаев өзі тұрып жатқан Шахан кентінде мектеп оқушыларына бокстан шеберлік сағатын өткізіп жүр. Ол күнделікті 2 сағат уақытын спортқа арнайды. Бұл – бала кезінен қалыптасқан әдеті. ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 20 жүлде жеңіп алды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында 20 медальді жеңіп алды. Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамалары 5 алтын, 3 күміс және 12 қола жүлдеге ие болды. Осы көрсеткішпен отандастарымыз  жалпы командалық есепте екінші орынға шықты. Өзбекстанның өкілдері 21 (14, 4, 3) жүлдемен тізімде көш бастады. Үздік үштікті шаршы алаңның иелері – Таиланд ...

    Read More »

    Ұры боксшының үйінен ақша толы сөмкелерін алып кеткен

    Бокстан IBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың үйіне ұры түсті. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыс сәтінде үй ауласында жүрген белгісіз ер адам видеоға түсіп қалған. Алайда ол капюшон киіп алғандықтан, кім екені әлі белгісіз. Осыдан бір күн бұрын Фируза Шарипова Малавиядан келген Рут Чисалемен өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына аттанған. Боксшының үйіне ұры түнде ...

    Read More »

    Тағы екі қазақ боксшысы Азия чемпионы атанды

    Бокстан Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбайдың ізін ала 54 кг салмақтағы Нұрсұлтан Алтынбек пен 57 кг салмақта шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан да алтын медальді жеңіп алды. Финалда Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік Флинт Джарамен кездесіп, оны қиналмай ұтты. Ал Махмұд Сабырханның қарсыласы тай боксшысы Саравут Суктхет отандасымызға лайықты қарсылық танытты. Алайда, Махмұд Сабырхан шаршы ...

    Read More »

    Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атағын жеңіп алды

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістіріп, оны айқын басымдықпен ұтты. Сөйтіп, төрешілердің шешімі бойынша Санжар Тәшкенбай халықаралық жарыста тағы да құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол бұған дейін де ересектер арасында Азия чемпионы болған. ...

    Read More »

    Боксшы Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан бас жүлдені жеңіп алды. Жасмин Қизатова 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Азиза Зокировамен кездесті. Бұл кездесу өте тартысты және қызықты өтті. Онда отандасымыз қарсыласына дес бермей, үш раундта да босаңсымай, 3:2 есебімен ұтты. Осы жеңіс Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде әкелді. Содан кейін ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: финалға әйелдер арасынан екі боксшы шықты

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы шықты. Финалда 70 кг салмақта Жасмин Кизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен, 81 келіде Гүлсая Ержан алаң иесі Порнипа Чутимен күш сынасады. Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатының финалына ерлер құрамасынан алты боксшы шықты. Олар ...

    Read More »