• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс

    Жәнібек Әлімханұлы ешкімнен жеңілмеген боксшымен кездеседі

    Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жекті бекітті. Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық боксшы Гонсало Корияны нокаутқа жіберді. WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы ...

    Read More »

    Боксшылар WBC рейтингінде ТОП-бестікке кірді

    Жаңа рейтингте екі бірдей қазақстандық боксшы үздік бестікке қосылды. Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов оныншы сатыдан бесінші сатыға көтерілді. Ал орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан бесінші орынға жайғасты. 27 жастағы Ахмедов соңғы кездесуін америкалық Габриэль Росадоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесуде Ахмедов IBF North America және WBC Silver белбеулерін иеленді. Ал 29 жастағы ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: бес спортшы келесі айналымға шықты

    Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші күні шаршы алаңға сегіз боксшымыз көтеріліп, бесеуі келесі айналымға жолдама алса, үш спортшы ұтылып қалды. Күндізгі сессияда шаршы алаңға бірінші болып шыққан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) жапон қызы Хори Руканы жарыс жолынан шығарып тастаса, 75 келідегі Дәулет Төлемісов Германияның боксшысы Сэммо Малекті айқын басымдылықпен ұтты. 50 келідегі Анита Адишева ...

    Read More »

    Дәрігерлер боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайын айтты

    ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тағы бокстың белгілі шолушыларының бірі Дэн Рафаэль боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы жағымды ақпарат жариялады. Ол дәрігерлердің берген мәліметіне қарап, Ербосынұлының медициналық комадан шыққанын және жағдайының жақсарғанын айтты. Жекпе-жектен кейін екі апта өткенде боксшының жағдайы жақсарды. Айдос сөйлей алады. Аздап өз бетінше жүре алатын болды, –  деді Дэн Рафаэль. Еске сала кетсек, отандасымыз кубалық Давид Моррелден ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы тағы бір әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

    Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын сәтті қорғағаннан кейін тағы бір орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырып, оның келісімін алды. Қазақ боксшысы Twitter-де барлық былғары қолғап шеберлерін жекпе-жекке шақырған еді. Оның бұл ұсынысын көп күттірмей, доминикалық спортшы Карлос Адамес қабылдады. Ол Жәнібек Әлімханұлының шақыруына «Мен дайынмын!» деп жауап берді. Алайда бұл айқастың қашан болатыны белгісіз. Оған бірнеше фактор ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы Бентлиді неге нокаутқа түсірмегенін айтты

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен 12 раундтық жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін оны неліктен нокаутқа түсірмегенін айтты. Ол бұл айқасқа дейін қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын. Бұл – бокс. Мұндай айқастарға боксшылар 100 пайыз дайындалып шығады. Бұл – менің бірінші 12 раундым. Алда жақсылап дайындалып, бұдан да жақсы өнер көрсетеміз, — деді Жәнібек рингте тұрып.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен 12 раунд бойы жұдырықтасты

    Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен жұдырықтасты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде қарсыластар Жәнібекке тиесілі WBO белбеуін сарапқа салған еді. Бұл жекпе-жекте белгіленген 12 раунд толық болды. Соңында Жәнібек Әлімханұлы төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары бірінші орын алды

    Иордания астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатын аяқталды. Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасының нәтижесін қоса есептегенде жалпы есепте бірінші-орын алды. Қоржынымызда 6 алтын, 7 күміс пен 8 қола жүлде. Екінші – Өзбекстан (6 алтын, 3 күміс, 4 қола), үшінші – Үндістан (4 алтын, 2 күміс, 5 қола). Бәсекені соңғы күні ерлер 13 салмақта биылғы үздіктерді анықтады. Қазақстан құрамасы сапындағы ...

    Read More »

    Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыластары анықталды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының 12 боксшысы финалға шығып отыр. Олардың тоғызы – ер, үшеуі – әйел. 48 кг салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекованың қарсыласы жапониялық Като Хикару жарақатына байланысты финалға шықпайды. Сол себепті, Балқыбековаға Азия чемпионы атағы берілді. Осылайша ол екі дүркін құрлық чемпионы атанды. Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қарашада өтсе, ерлердікі 12 ...

    Read More »

    Бокс: Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова алтын медальді жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова жартылай финалға жетіп, алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Бүгін ол финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан алтын медальді жекпе-жекке шықпай иеленді. Осылайша Алуа Балқыбекова Азияның екі дүркін чемпионы атанды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »