• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер көбейіп жатыр

    Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жеті елдің бокс федерациясынан биылғы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама алды.

    Жеті мемлекеттің бокс федерациясы Ресей мен Беларусь боксшыларының әлем чемпионатында өз туын көтеріп, шаршы алаңға шығуына рұқсат берілгеніне байланысты бойкот жариялады, — делінген хабарламада.

    Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін Чехия, Англия, Канада, Ұлыбритания мен Ирландия бокс федерациялары да америкалық әріптестерін қолдады. Одан кейін олардың қатарына Швеция келіп қосылды.

    Бокстан әйелдер арасындағы биылғы әлем чемпионаты Үндістанда 15-31 наурыз аралығында, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанда өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *