• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ФИФА үш жылдағы рекордтық табысын жариялады

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кеңесі былтырғы жылғы жылдық табыс есебін жариялады.

    Құжатта ФИФА-ның 2019-2022 жылдардағы табысы 7,6 млрд АҚШ доллары болғаны атап көрсетілген. Бұл – ұйымның бұрын-соңды болмаған рекордтық кірісі.

    ФИФА-ның футболға бұрын-соңды болмаған инвестициясы — бұл біздің күшті қаржылық ашықтығымыздың нәтижесі. Сондай-ақ, футболды әлемдегі номері бірінші спорт екенін көрсетудің нақты мысалы. Коронавирустың кесірінен көптеген қиындықтың болғаны рас. Сол қиындықтың бәрін  Катарда өткен әлем чемпионаты жуып-шайып кетті, — деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

    Енді Халықаралық футбол федерациясы сайтында жариялаған мәліметке қарағанда, ұйым 2023-2026 жылдар аралығында 11 млрд АҚШ доллары табуды жоспарлап отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *