Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Айбек Оралбай Иштван Бочкаиді еске түсіруге арналған турнирде 92 келі салмақта Германияның боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жекте Айбек қарсыласын бесінші бұрышты іздеуге мәжбүрлеп, соңынан нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды.
Бұған дейін жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 кг) мен Теміртас Жүсіпов (48 кг) шыққан еді.
Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) ширек финалда украин боксшысы Александр Хижняктен ұтылып қалды.
Қазақстан құрамасынан турнирге 13 боксшы қатысып жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА