• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Айбек Оралбай

    Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 92 келі салмақтағы Азия чемпионы Айбек Оралбай Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Ол 1/4 финалда АҚШ-тың өкілі Жамар Таллейді барлық раундта жеңіп, төрт жылда бір келетін додада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Осы салмақта Токио Олимпиадасында Василий Левит күш сынасқан еді. Бұған дейін хабарланғандай, көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы ...

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Айбек Оралбай шаршы алаңда атой салып жүр

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында жалауын көтерген лицензиялық турнирде Қазақстан боксшыларының алды ширек финалға шығып үлгерді. Солардың арасында көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай алдына келген қарсыластарын құлатып, ширек финалға шықты. Ол 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, тәжірибелі эквадорлық былғары қолғап иесі Хулио Кастильо Торрестен айқын басымдылығын танытып, 5:0 есебімен женді. Осы жекпе-жектік алдында ...

    Read More »

    Бокс: бесінші күнгі көрсеткіш – екі жеңіс, бір жеңіліс

    Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының бесінші күні біздің екі атлет жеңіске жетіп, бір спортшымыз жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 57, 80 және 92 келілерге дейінгі салмақтардағы былғары қолғап шеберлері шаршы алаңды шайқады. Күндізгі сессияда 57 келіге дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов 1/16 финалда малилік Абдул Карим Батхилимен жұдырық түйістірді. Нәтижесінде біздің жігіт ұпай санымен жеңіске жетті. Малилік боксшы осы чемпионаттың ...

    Read More »

    Боксшы Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

    Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Айбек Оралбай Иштван Бочкаиді еске түсіруге арналған турнирде 92 келі салмақта Германияның боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жекте Айбек қарсыласын бесінші бұрышты іздеуге мәжбүрлеп, соңынан нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 кг) мен Теміртас Жүсіпов (48 ...

    Read More »