• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: нокаут

    Боксшы Дәулет Дәукенов никарагуалық «Бұқаны» нокаутпен жеңді

    Боксшы Дәулет Дәукенов Чехияның Пльзени қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Дәулет Дәукенов «Бұқа» лақап атымен танымал никарагуалық боксшы Серхио Гонсалеспен жекпе-жекке шықты. Олардың жекпе-жегі бірінші жартылай орта салмақта өтіп, алты раундқа созылды. Қазақстан боксшысы үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Дәулет Дәукенов кәсіби карьерасында 11-рет жеңіске жетті. Ал Серхио Гонсалес 33-рет жеңіліп қалды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Боксшы Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

    Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Айбек Оралбай Иштван Бочкаиді еске түсіруге арналған турнирде 92 келі салмақта Германияның боксшысы Александр Окаровпен кездескен еді. Жекпе-жекте Айбек қарсыласын бесінші бұрышты іздеуге мәжбүрлеп, соңынан нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 кг) мен Теміртас Жүсіпов (48 ...

    Read More »

    Боксшы Виктор Теміров үшінші қарсыласын да нокаутқа жіберді

    Боксшы Виктор Теміров кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді. 22 жастағы былғары қолғап шебері Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық Милош Яньянинмен кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланса да айқас ұзаққа созылмады. Үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді. Содан кейін төреші отандасымыздың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді. Осылайша Виктор Теміров кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне жетті. Ол барлығында ...

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін балаларына хат жазды

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң алғаш рет Instagram желісіндегі аккаунтын жаңартты. Ол Instagram-дағы Stories-інде балаларының суреттері жариялап, оларға хат жазды. Айдос Ербосынұлы 6 қарашада WBA Regular атағы үшін жекпе-жекте кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Оған өткен аптада операция жасалды. Содан кейін ол  терапия бөлімінен палатаға ауыстырылды. ESPN телеарнасының ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы Бентлиді неге нокаутқа түсірмегенін айтты

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен 12 раундтық жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін оны неліктен нокаутқа түсірмегенін айтты. Ол бұл айқасқа дейін қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын. Бұл – бокс. Мұндай айқастарға боксшылар 100 пайыз дайындалып шығады. Бұл – менің бірінші 12 раундым. Алда жақсылап дайындалып, бұдан да жақсы өнер көрсетеміз, — деді Жәнібек рингте тұрып.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комада жатыр

    TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді. Sports.kz сайтының хабаралуынша, Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түскен. TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз. Сондықтан қосымша ...

    Read More »