• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Боксшы Дәулет Дәукенов никарагуалық «Бұқаны» нокаутпен жеңді

    Боксшы Дәулет Дәукенов Чехияның Пльзени қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті.

    Дәулет Дәукенов «Бұқа» лақап атымен танымал никарагуалық боксшы Серхио Гонсалеспен жекпе-жекке шықты. Олардың жекпе-жегі бірінші жартылай орта салмақта өтіп, алты раундқа созылды. Қазақстан боксшысы үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

    Дәулет Дәукенов кәсіби карьерасында 11-рет жеңіске жетті. Ал Серхио Гонсалес 33-рет жеңіліп қалды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *