• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты аясында 17 қарашада Сан-Марино командасымен және 20 қарашада Словения құрамасымен болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, ...

    Read More »

    Ұлттық құрама Сан-Марино және Словениямен матчтарға дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 қарашада және 21 қарашада Сан-Марино мен Словения құрама командаларымен болатын матчтарға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Астанада болып жатыр, — деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады. Жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына «Ордабасы» ...

    Read More »

    Месси мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

    Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы , әлем чемпионы Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Мен бұрын да айтқанмын, қазірде айтамын, мен бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Болашағыма құмалақ ашпаймын. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Мұршам келмейтінін түсінгенше алаңға шыға беремін, — деді Месси Marca ақпарат құралына. Бұған дейін де Месси ...

    Read More »

    Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан әуесқойлар құрамасы күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

    Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді. Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 ...

    Read More »

    Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны анықталды

    Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай мемлекетте болатыны анықталды. Ол Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. ФИФА президенті Джанни Инфантино 2034 жылы өтетін әлем чемпионатының Австралияның сайлауға қатысудан бас тартқанына байланысты Араб түбегіндегі мемлекетте болатынын айтты. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Австралия өзінің өтінімін алғаннан кейін Сауд Арабиясы әлемдік доданы өткізуге үміткер жалғыз ел болып қалған. Еске салсақ, 2026 ...

    Read More »

    «Алтын доп» сыйлығы УЕФА-мен бірігіп тапсырылады

    France Football журналы «Алтын доп» сыйлығын Еуропаның футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) бірігіп тапсыратын болады. Бұған дейін 2010 мен 2016 жылдары жылдың үздік футболшысына берілетін сыйлық Халықарылық футбол федарациясымен (ФИФА) бірігіп тапсырылған болатын. Енді УЕФА Еуропаның үздік футболшысы сыйлығын бермейтін болып шешілді.  Оның орнына France Football журналы мен УЕФА ерлер және әйелдер арасында үздік атанған футболшы мен жаттықтырушыға жаңа аталымдар ұсынады. ...

    Read More »

    Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды

    Астанада Қазақстан футболының 110 жылдығына орай отандық футболды насихаттау мақсатында Қазақстан футболының музейі ашылды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Іс-шараға «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері, қазақ футболының ардагерлері, отандық футбол клубтарының жетекшілері, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен ұлттық құрама команданың ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Ян Вороговский қатысты. Музейді құруға атсалысқан ұжым 1913 жылы Семейде бастау алған Қазақстан футболының ...

    Read More »

    ҚФФ ALAÑ жобасы бойынша алғашқы футбол алаңын ашты

    Ақтөбе қаласындағы №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы қайта жаңғыртылды. Жобаның негізгі мақсаты – футбол инфрақұрылымының сапасын арттыру және бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Жаңартылған алаңның ашылуына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысты. Еске сала кетсек, биыл Қазақстан ...

    Read More »

    ҚПЛ-2024: келесі маусымға қатысатын клубтар белгілі болды

    Футболдан 2024 жылы Қазақстан премьер лигасына қатысатын командалар белгілі болды. Биыл ҚПЛ-да ойнаған клубтарға бірінші лигада алғашқы үш орынды алған клубтар қосылды. Сонымен мына командалар Қазақстан премьер лигасынның келесі маусымында ойнайтын болады: 1.«Ордабасы» (Шымкент) 2.«Астана» 3.«Ақтөбе» 4.«Қайрат» (Алматы) 5.«Қызылжар» (Петропавл) 6.«Қайсар» (Қызылорда) 7.«Атырау» 8.«Тобыл» (Қостанай) 9.«Мақтаарал» (Түркістан облысы) 10.«Шахтер» (Қарағанды) 11.«Жетісу» (Талдықорған) 12.«Елімай» (Семей) 13.«Тұран» (Түркістан) 14.«Жеңіс» (Астана) Осы маусымның ...

    Read More »

    Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы есірткімен ұсталды

    Футболдан Ресей ұлттық құрамасы, Мәскеудің «Торпедо», Том қаласының «Томи» мен «Краснодар» клубының бұрынғы ойыншысы Алексей Бугаев есірткімен ұсталды. Одан жарты келі мефедрон табылды. Краснодар қаласының милициясы экс-футболшыны 28 қазанда қаланың Калинин көшесінде ұстаған. Тексеру кезінде оның қалтасынан ұнтаққа ұқсас пакет табылған. Сараптама жасалғанда ол метилэфедрон болып шықты. Осыдан кейін 42 жастағы Бугаевқа Қылмыстық кодекстің 228.1 (есірткіні жасау және оны сату) ...

    Read More »