17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьтің Минск қаласында басталған Даму кубогы халықаралық турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бауыржан Сағындық жаттықтыратын құрама команда алғашқы матчта Иран жасөспірімдерімен кездесіп, 2:0 есебімен жеңді. Біздің команда сапынан Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар қарсыластардың қақпасын дәл көздеп, көзге түсті. Даму Кубогы жарысына сегіз команда қатысып жатыр. Командалар екі топқа ...
Read More »Футбол
Марат Омаров: «Біздің мақсатымыз – нәтиже беретін футбол экожүйесін құру»
Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Марат Талғатұлы қазақ футболының алдағы төрт жылдағы дамуы туралы баяндамасында негізгі стратегиялық бағыттарға тоқталып, еліміздегі футбол инфрақұрылымы мен жүйесін дамытудың бірнеше маңызды мәселелерін көтерді. Өткен аптада УЕФА штаб-пәтеріне барып, ұйым басшысы Александер Чеферинмен кездестім. Оның қорытындысы бойынша Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының басшысымен келісімге келдік. ...
Read More »«Челси» қазақ футболшысын сатып алды
Белгілі спорт журналисі Фабрицио Романо 16 жастағы футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысқанын хабарлады. Итальян журналисінің айтуынша, «Челси» Алматы қаласының «Қайрат» клубына Сәтпаев үшін 4 млн евро төлейді. Бұл отандық лига үшін рекордтық келісім болып отыр. Дастан Сәтбаев 2026 жылдың тамыз айында 18 жасқа толған соң, «Челсидің» қатарына қосылады. Ол ағылшын клубымен 1 жылға ұзартуға мүмкіндігі бар 5 жылдық келісімшартқа отырады. ...
Read More »Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне белгілі журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды. Нұрсұлтан Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.
Read More »Давид Лория ҚФФ вице-президенті қызметіне тағайындалды
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады, деп хабарлады kff.kz. Давид Лория – қазақ футболындағы өзіндік орны бар азаматтың бірі. Ол «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады. 1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда ...
Read More »Ерлан Жамантаев QFL президенті болып сайланды
Qazaqstan Football League президентінің қызметіне Ерлан Жамантаев тағайындалды. Лига мүшелерінің сырттай отырысында дауыс берушілердің басым бөлігі 50 жастағы отандық маманды осы қызметке лайық деп таныды. Ерлан Айтпайұлының есімі қазақ спортына таңсық емес. Ол кісі кезінде өзі футболмен кәсіби түрде айналысқан. Астананың «Ұшқын-Искра» атты жекеменшік клубының жетекшісі әрі бас жаттықтырушысы болған. Кейбір жылдары Қазақстанның жағажай футболын тізгіндеп, бұқаралық және әйелдер футбол ...
Read More »ҚФФ Черчесовке қатысты ұстанымын айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қазіргі таңда Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді, — делінген хабарламада. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ...
Read More »Черчесов ұлттық құрамадан кетеді — инсайдер
Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Ермұхамед Мәулен айтты. Оның айтуынша, Черчесов командадан кетеді. Қазір заңгерлер қазір келісімшартты бұзу жолын қарастырып жатыр. Бас жаттықтырушысы қызметіне екі отандасымыз бен Еуропаның екі маманы қарастырылып жатыр. Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Қазір заңгерлер Черчесовтың келісімшартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр, — деді ол. ...
Read More »Ғалымжан Кенжебек: «Ұлттық құрамаға шақырғанда көзіме еріксіз жас үйірілді»
Биыл бірнеше жас ойыншы ұлттық құрама команданың сапында алғаш рет жасыл алаңға шықты. Оның арасында 21 жастағы Ғалымжан Кенжебек те бар. Дарынды ойыншы ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында кәсіби футболдағы жолы, «Қайратта» ойнаған уақыты, Кипр чемпионы мен Испанияға қарсы ойыны туралы айтып берді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. – Ғалымжан, футболдағы жолыңның қалай басталғанын, Таразда секцияға кім әкелгенін айтып берсең. – Футболды ...
Read More »Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXVII Сайлау конференциясы болды. Онда федерацияның жаңа президенті сайланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ең көп дауыс жинаған Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті атанды. Ол 1988 жылы туған. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары