• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Алексей СИСЕНБИН

    Ұлттық құраманың Беларусь пен Солтүстік Македониямен матчтарға тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттыықтырушысы Әли Әлиев маусым айында болатын матчтарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады.

    Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);

    Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Муроджон Халматов («Ордабасы»);

    Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).

    Қазақстан құрамасы 5 маусымда Минскте Беларусьпен жолдастық матч өткізсе, 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *