• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Никита БАСОВ

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа Атқарушы комитеті сайланды

    Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Конференция жұмысына өңірлік федерация делегаттары, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент және ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.

    Жиынның күн тәртібінде ҚФФ-ның ұйымдастырушы және жарғылық құрылымын жетілдіру мәселелері және Федерация Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Сондай-ақ Конференция құрамынан кей мүшелер шығарылып, жаңа мүшелерді қабылдау мәселесі талқыланды.

    Жаңа өзгерістерге тоқталсақ: енді  «Қазақстанның Кәсіби футбол лигасы» ЗТБ жарыстар өткізбейді, сондықтан ҚФФ мүшелігіндегі өкілеттілігі тоқтайды. Осыған сәйкес, КҚФЛ президенті Атқарушы комитеттің құрамына лауазымы бойынша ену құқығынан айырылды.

    Сонымен қатар Жарғы талаптарын бұзған бірқатар ұйым ҚФФ мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды.

    ҚФФ Жарғысының 66-тармағына сәйкес, Конференция Атқарушы комитеттің кейбір мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады:

    Абраев Олжас Шәкенұлы;

    ⁠Ғилымов Әбілмәжен Қуанышұлы;

    ⁠Жамантаев Ерлан Айтпайұлы;

    Қосмұхамбетов Талғат Аждарұлы;

    ⁠Нефедов Алексей Петрович;

    ⁠Сидельковский Владимир Семенович.

    ҚФФ Жарғысына сай Атқарушы комитет құрамына келесі кандидаттар сайланды:

    Гаджиев Гаджи Шапиевич;

    ⁠Ерғалиев Әсет Арманұлы;

    ⁠Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы;

    ⁠Ломтадзе Михаил Нугзарович;

    ⁠Масудов Вахид Юнусович;

    Нуну Алешандре Паррейра де Каштру.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *