Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымда Еурокубок ойындарының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Оған елімізден Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» клубтары,«Ақтөбе» мен «Астана» командалары қатысады. Жеребе бойынша «Ордабасы» клубына «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния), «Пюник» (Армения) пен «Петрокуб» (Молдова) қарсылас болуы мүмкін. «Тобыл» командасының ықтимал қарсыластары — «Эльфсборг» (Швеция), «Корвинул» (Румыния), «Ботев» (Болгария), «Зиря» (Әзербайжан), «Ружомберок» (Словакия) пен «Лапи» (Косово). Ал, «Астана» ...
Read More »Футбол
Премьер-лига: төреші маусымның соңына дейін шеттетілді
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиынында Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады, деп хабарлады федерация. Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын деген бірауыздан шешімді қабылдады. Төрешілер ...
Read More »Футболдан ЕЧ: Грузия құрамасы алғаш рет алаңға шығады
Бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Грузия ұлттық құрамасы тәуелсіздік алған кезден бері алғаш рет халықаралық доп додасында алаңға шығады. Сакартвело елінің командасы F тобында Түркия құрамасымен ойнайды. Кеңес Одағы кезінде Грузияның бірнеше футболшысы әлемге танымал болған. Мәселен, Борис Пайчадзе, Слава Метревели, Михаил Месхи, Владимир Гуцаев, Анзор Кавазашвили, Реваз Дзодзуашвили, Муртаз Хурцилава, Каха Асатиани, ...
Read More »Бүгін футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады
Бүгін Германия Федеративтік Республикасында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді. Оның ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 23:40-та бастап көрсетілсе, чемпионаттың алғашқы ойыны Германия мен Шотландия құрамаларының арасында болады. Командалардың матчы сағат 23:50-де басталады. Еуропа чемпионатын Qazaqstan мен Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл арналарда барлық 51 матчқа трансляция жасау жоспарланып отыр. Құрлықтық доданың ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф,Майндағы Франкфурт, ...
Read More »Футболдан ӘЧ: Өзбекстан мен Қырғызстан іріктеу турниріне шықты
Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің ұлттық құрама командалары футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының Азия құрлығы бойынша іріктеу турниріне шықты. Олардан басқа тағы 16 елдің құрамалары іріктеу турниріне жолдама алды, деп хабарлады uza.uz. Кеше Азия құрлығында 2026 жылғы әлем чемпионатының алтыншы кезеңі мен 2027 жылғы Азия кубогының бірлескен іріктеу кезеңінің матчтары болды. Осы іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен Өзбекстан, Аустралия, БАӘ, Бахрейн, ...
Read More »Елімізде «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торреспен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, елімізде спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар ...
Read More »ҚФФ «Қайрат» футзал клубына айыппұл салды (ВИДЕО)
Астанада Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтіп, қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының мәселесі қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. ҚФФ айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеу қажет деген шешімге келді. Сонымен бірге «Қайрат» АФК бас директоры Әсем Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция салынсын деген шешім шығарылды. «Қайрат» АФК араңдатушыларды тауып, ...
Read More »Бүгін футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары ойнайды
Бүгін Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің ұлттық құрамаларының жолдастық матчы болады. Ойын сағат 21:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Осы кезге дейін ұлттық құрама командалар бір-бірімен сегіз рет ойнаған. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан құрамасы басым түсті. Екі ойын тең нәтижемен аяқталған. ФИФА рейтингінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді. Бұл ойында ...
Read More »«Бәрін де уақыт көрсетеді»: Станислав Черчесов ұлттық құрамаға баға берді
Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов жаңа қызметке тағайындалған соң алғаш рет БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Ол бас жаттықтырушы қызметіне тағайындауына қатысты пікір білдіріп, алдағы жоспарларын айтты. Мен федерация басшылығымен сөйлесіп, алғашқы екі ойынға қатыспаймын деп шештік. Барлығын жоспарлау керек. Себебі, Арменияға ұшуға мүмкіндігім жоқ. Өйткені, мен бұл күндері ұлттық құрамаға бас жаттықтырушы болуды жоспарламаған едім. Мен Венгрияға ұшуды ...
Read More »Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы аталды (ВИДЕО)
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, Мәскеу қаласының ЦСКА клубының (әскерилердің орталық спорт клубы) жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды. Transfermarkt порталында жарияланған мәліметке қарағанда, Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін теңбіл доп шеберінің бағасы 6 млн еуроға жеткен. Осылайша, Аббосбек Файзуллаев алғаш рет Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы атанып отыр. Ал Италияның «А» сериясында ойнайтын Эльдор Шамуродовтың бағасы Transfermarkt ...
Read More »