• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Қазақстан футболшылары Түркияда легионер саналмайды – БАҚ

    Қазақстан футболшылары Түркия Суперлигасында легионер болып саналмайды. Habertürk агенттігінің хабарлауынша, Түркия футбол федерациясы 2023/2024 жылдардағы маусымнан бастап чемпионаттағы лимит ережелерін өзгеретінін хабарлады. Жаңа қаулыға сәйкес, түркі тілдес елдердің футболшылар легионер ретінде есептелмейді. Яғни, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Әзербайжан елдерінің футболшылары Анадолы елінде легионер болып саналмайды. Осылайша Суперлиганың кез келген клубына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстан елдерінің өкілдеріне есік ашық ...

    Read More »

    «Қайрат» футбол клубы Боранбаевтың иелігінде қала ма?

    «Қайрат» футбол клубы 8 жылға сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың меншігінде қала береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлады halyq-uni.kz. Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев футбол клубының жұмыс істеп тұрғанын айтты. «Қайрат» футбол клубы әзірге коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешім, оның ішінде сот шешімі, меншік иесі тарапынан басқа да бастама көтерілмеді. Қазір өздері қаржыландырып жатыр, әкімдік ...

    Read More »

    Футболшылардың Сауд Арбиясында ойнауына тыйым салу ұсынылды

    Англияның «Манчестер юнайтед» клубының бұрынғы капитаны Гарри Невилл ағылшын футболшыларының Сауд Арабиясының клубтарымен келісімшарт жасасуына қарсылық білдірді. Ол  футболшылардың Сауд Арбиясында ойнауына тыйым салу керек деп ұсыныс айтты. Бұған дейін Сауд Арабиясы клубтарымен Криштиану Роналду, Карим Бензема, Н’Голо Канте мен Хаким Зиеш сияқты белгілі футболшылар келісімшарт жасасқан еді.  Ал алдағы уақытта олардың қатарын Рубен Невеш пен Калиду Кулибали сияқтылар ойыншылар ...

    Read More »

    Еуропа чемпионатының талисманы таныстырылды

    Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының талисманын таныстыру рәсімін өткізді. Еуропа чемпионатының маскоты ретінде таңдалған қонжық Гельзенкирзен қаласындағы мектептердің бірінде таныстырылды. Қонжықтың Еуро-2024 турнирінің ресми талисманы ретінде таңдап алынуына осы ойыншықтың алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда шығуы себеп болған екен. Енді алдағы екі аптада жанкүйерлер УЕФА ресми сайтында қонжыққа ат таңдайды. Ұсынылған төрт нұсқада да ...

    Read More »

    Криштиану Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

    Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландия командасымен ойында ұлттық құрама сапындағы 200-матчын өткізді. Осылайша, ол  Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол Кувейт футболшысы Бадер әл-Мутавадан (196) төрт матч көп ойнаған.  Роналдуға кездесу басталар алдында  200-матч өткізген әлемдегі алғашқы футболшы деген сертификат табыс етілді.  Осы ойында ол жалғыз голды салып та көзге түсті. Роналду Португалия ...

    Read More »

    Иран Орталық Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Биыл футболдан алғаш рет ұйымдастырылған Орталық Азия чемпионатында (CAFA Nations Cup) Иран құрама командасы чемпион атанды. Ол CAFA Nations Cup турнирінің финалында Өзбекстан құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, Орталық Азияның тұңғыш чемпионы атағын жеңіп алды. Чемпионаттың финалы Ташкент қаласындағы «Бунёдкор» стадионында болды. Матчта Иранның шабуылшысы Сердар Озмунның 48 минутта жалғыз голдың авторы атанды. Үшінші орын үшін матчта Оман құрамасының жолы болды. ...

    Read More »

    Қазақ еліне жеңіс сыйлау біз үшін мәртебе – ұлттық құраманың ойыншылары (ВИДЕО)

    Бүгін түнде Белфаст қаласында 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының турнирінің іріктеу матчында футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтып, Н тобындағы турнир кестесінде екінші орынға шықты. Ойынның 87-минутында алаңға шыққанына көп уақыт бола қоймаған шабуылшы Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Ол осымен биылғы матчтарда ұлттық құрамаға екінші рет жеңіс голын салып ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетті

    Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасымен кездесті. Матчта Қазақстан құрамасы алаң иелерін 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Одан басқа H тобында Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңсе, Словения мен Дания құрамалары ...

    Read More »

    Месси Аргентина құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алмағанда командадан кететін едім деп айтты. Лионель Мессиге былтырғы әлем чемпионаты ұнаған екен. Сол себептен ол теңбіл доп додасында әлем чемпионы атағын ұтып алмағанда құрамадан кететінін жасырмай жүрген. Маған Катардағы әлем чемпионаты өте ұнады. Егер мен әлем чемпионы болмасам, бұл менің соңғы чемпионатым болар еді. Мен клубтық деңгейде барлық ...

    Read More »

    Ұпай алып, жанкүйерлерді қуантамыз! – Абат Айымбетов

    Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Белфаст қаласында Солтүстік Ирландиямен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:  — Солтүстік Ирландия құрамасының бас жаттықтырушысы Майкл О’Нил Қазақстан ойыншыларының аса танымал емес, сол себепті олар туралы бірдеңе айту қиын екенін айтыпты. Оның сөзіне не айтасыз? Бұл біздің командаға басымдық бере ме? — Мен ол туралы ештеңе айта алмаймын. Не десе о десін. ...

    Read More »