• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Сенсация: Марокко жартылай финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан тағы бір команда анықталды. Ол — Марокко құрамасы. Ширек финалда Марокконың жасағы Португалия құрамасын 1: 0 есебімен жеңіп, африкалық командалардың арасында алғаш рет ½ финалға жолдама алды. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири салды. Ол кезекті қарсы шабуыл кезінде допты баспен ұрып қақпаның торына дәл түсірді. Оның тура соққан добын қақпашы ...

    Read More »

    Әлемдегі ең егде футболшы Еуропада ойнағысы келеді

    55 жастағы жапониялық футболшы Кадзуеси Миура Португалияның екінші дивизионындағы «Оливейренсе» клубымен қысқа мерзімді келесімшартқа отырды. Бұл туралы Nikkan Sport хабарлады. Мируа клубтың инфрақұрылымын көруге Португалияға барып та үлгеріпті. Ал келісім келесі жылдың қаңтарына дейін жасалған. Содан кейін Кадзуеси қайтадан Жапонияға оралып, «Йокогама» командасына қосылады. Миура — әлемдегі жасы ең үлкен футболшы. Ол 1990-2000 жылдары Жапония құрамасында ойнаған. Сонымен бірге футзал ...

    Read More »

    Азия ойындарына қатысқым келеді – Жібек Құламбаева

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жылды қорытындылап, алдағы ой-жоспары жөнінде Қазақстан теннис федерацисы баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді. Ол келесі жылы Азия ойындарында бақ сынап, ел намысын қорғағысы келетінін айтты. -Жібек, дүниежүзілік рейтингте жекелей сында 441-орында тұрсың. Жұптық сын сенің оң жамбасыңа келетін секілді. Қазір 201-сатыдасың. Алдымен өткен маусым несімен есте қалды? Соны айтып бересің бе? -Жалпы, маусым ...

    Read More »

    Испания құрамасына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

    Футболдан Испания құрамасы әлем чемпионатында ширек финалға шыға алмай қалғаннан кейін оның бас жаттықтырушысы алмасты. Испания футбол федерациясы елдің ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының орынтағына Луис де ла Фуэнте тағайындалғанын мәлімдеді. Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші ойынында Коста-Рика командасын 7:0 етіп, ойсырата ұтып, доп додасын табысты бастаған «Қызыл фурия» бұдан кейін біртіндеп божырай берді. Оның плей-офф кезеңіне Марокко құрамасымен ойыны ...

    Read More »

    Нұралы Әліп «Зенитте» қала ма?

    Футболшы Нұралы Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында қалатын болды. Ресейдің командасы Нұралы Әліптің Алматының «Қайрат» клубына  тиесілі келісімшартын толық сатып алған. Енді Қазақстан ұлттық құрамасы қорғаушысының барлық құқықтары ресейлік клубқа тиесілі. Келісімшарт 4 жылға (3+1) жасалған.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады

    Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ қауымдастығының президенті Әділет Барменқұлов Ұлытау облысының әкімдігі мен футбол федерациясының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысында кәсіби футбол клубының құралатынын, жаңа команда келесі жылдың наурыз айында басталатын Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысуға өтінім беру үшін күш-жігерін жұмсау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясы ...

    Read More »

    ӘЧ-2022: Ширек финалға сегіз мықты шықты

    Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында бүгінге қараған түні топтардан ширек финалға шыққан соңғы жұптың құрамалары анықталды.  Мұның кеше кешке ойналған бірінші матч нағыз сенсациялық нәтижемен аяқталды. «Е» тобынан екінші болып шыққан Испания құрамасы «F» тобында топ бастаған Марокко командасымен ойында жеңіліп қалды. Испания құрамасы осымен қатарынан екінші әлем чемпионатында ширек финалға жете алмай отыр. Бұдан кейін Португалия құрамасы Швейцарияны ...

    Read More »

    Cенсация: Испания құрамасы Мароккодан жеңіліп қалды

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко мен Испания арасындағы плей-офф кезеңіндегі матч аяқталып, африкалық құрама өз тарихында алғаш рет ширек финалға шықты.  Бұл кездесудің негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Қосымша таймда да қарсыластар бір-біріне гол сала алмады. Ойынның тағдыры матч соңындағы пенальтиде шешілді. Пенальти сериясында Испания құрамасының үш ойыншысы нысананы дәл көздей алмады. Олардың біреуі қақпа бағанына тигізсе, екі ...

    Read More »

    «Көңіл-көңілден су ішеді»: Астанада ауыл спортының проблемасы қаралды

    Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл алаңынан – Олимпиада тұғырына» атты ауыл спорт нұсқаушыларының І республикалық конференциясы өтті. Маңызды басқосуға салаға жауапты ведомство басшылары, тәжірибелі бапкерлер мен танымал спортшылар, осы саланың білгір әдіскерлері, маман нұсқаушылары, сондай-ақ облыстық спорт басқармаларының басшылары және өңірлердегі денешынықтыру-спорт орталықтарының директорлары қатысты. Бұл реткі жиынның мақсаты – ауыл спортының ...

    Read More »

    Жапон халқынан алар үлгі жетеді

    Осы күндері футболдан Катарда өтіп жатқан төрт жылда бір келетін дүрмекті әлем додасы жер-жүзінің назарын өзіне аударып, күн сайын қызығы қайнай түсіп келеді. Футбол деген бір сиқыр-өзіне тартып баурап алады емес пе?! Бар жұмысты ысырып қойып, әлемдегі теңбіл доптың серкелерінің тартысты ойындарына көз тігіп отырмыз. Иә, Қазақстан құрамасы да осындай бір дүбірлі мундиалға қатысатын күн туар ма жоқ па?-Үмітті үкілеп ...

    Read More »