• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Алтын допты» иеленген танымал футболшы қайтыс болды

    Әйгілі испандық футболшы Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған halyq-uni.kz хабарлады.

    «Алтын доп» иегері 88 жасында көз жұмған. Мирамонтес өз мансабында «Депортиво», «Барселона», «Интер» мен «Сампдория» сапында өнер көрсетті.

    «Барселонамен» бірге Луис екі рет Испания чемпионатын ұтса, «Интер» құрамында А сериясының үш дүркін чемпионы атанды.

    Сондай-ақ 1964 жылы Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионатында топ жарған.

    Луис Суарес Мирамонтес 1960 жылы «Алтын доп» иегері атанды. Ол бұл таласта Ференц Пушкаш пен Уве Зеелерден озып, аталған жүлдені жеңіп алған «Барселонаның» тұңғыш ойыншысы атанды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *