• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңімпаз атанды

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өткен ірі халықаралық World Tennis League турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады olympic.kz. Турнирге әлемнің түрлі елдерінен келген теннисшілерден құралған төрт команда қатысты. Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция). Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Греция), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания). Kites: Ник Кирьос (Австралия), Каспер ...

    Read More »

    Аңсар Ниетқалиев Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды

    14 жастағы Аңсар Ниетқалиев Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) тарапынан «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Аңсар Ниетқалиев Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан озып шықты. Биыл ол TE рейтингісінде жылды 41-орынмен аяқтады. Осы маусымда теннисші жекелей сында Soul Cup ((Istanbul, Türkiye, екінші санат), Ankara Cup (Ankara, Türkiye) және Ergan Cup (Erzincan, Türkiye, екеуі де үшінші ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50, турнирінің жартылай финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Құламбаева үнді Шривалли Бхамидипатимен бірге ширек финалда Таиландтың өкілдері Тхасапори Накло мен Буньяви Тамчайватты 7:5, 6:4 есебімен жеңді. Жібек Құламбаева мен Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық дуэт Рия Бхатия мен Зил Дисаимен ойнады. Бұл жұп турнирдің 4-ракеткалары, жапон Хироко ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Үндістанның Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 991-орында тұрған жапон Анри Нагатамен ойнады. Бірінші партияда Ж.Құламбаева 3, А.Нагата 2 брейкпен көзге түсіп, сет 6:4 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Екінші сетте де осы жағдай қайталанды. Есеп — 7:5. Матч ...

    Read More »

    Әмір Омарханов АҚШ-тағы әлемдік жарыстың жеңімпазы атанды

    Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты. Бұл жұп финалда швейцариялық Анри Берно мен  чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол Беларусь елінің өкілі Юлия Готовкамен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты. Бірінші партияда Құламбаева – Готовко 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық  дуэт6:1 есебімен  есе қайырды. Супер тай-брейкте Жібек мен Юлия қарсыластарын 10:4 есебімен жеңді.

    Read More »

    Анна Данилина жыл үздігіне үміткер атанды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым қорытындысы бойынша анықталатын жылдың үздіктеріне үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге «Жыл дуэті» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді. Сондай-ақ үміткерлер қатарында мына жұптар бар: 1.Габриэла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлифф (Новая Зеландия); 2.Анна Данилина (Қазақстан) мен Ирина Хромачёва (Россия); 3.Се Шувэй (Қытайлық Тайбэй) мен Элисе Мертенс (Бельгия); ...

    Read More »

    Юрий Щукин: «Команда жақсы ойнап, көздеген мақсатына жетті»

    Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Билли Джин Кинг кубогы аясында Астанада Кореямен екі күндік плей-офф матчын қорытындылады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Өз елімізде Корея құрамасын жеңіп, онда барлық қыздарымыздың өнер көрсеткеніне өте қуаныштымын. Зарина ұзақ үзілістен кейін тамаша ойнады. Бұл оған күш қосады деп ойлаймын. Жұптық бәсекеде жеңіліп қалғанына қарамастан, команда мықты ойын өрнегін көрсетті. Екі күн бойы ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне шықты

    Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея плей-офф матчында есеп 3:0-ге жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шықты. Ол дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вумен ойнап, 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының ...

    Read More »

    ТОП-5: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет бестікке кірді

    Түркияның Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Сергей Квак жаттықтыратын жасөспірімдер құрама командасы бесінші орын үшін ойында Франция құрамасымен кездесті. Топтық бәсекеде отандастарымыз Франция жасағын 2:1 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Заңғар Нұрланұлы Муаз ...

    Read More »