Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның астанасы – Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол дүниежүзілік рейтингіде 202-орында тұрған аргентиналық, 22 жастағы теннисші Хулия Риерамен ойнады.
Бірінші партияда Рыбакина екі брейк жасап, 5:1 есебімен алға шықты. Одан кейін сетке доп бергенде, есепті 6:1-ге жеткізді.
Екінші сетте Рыбакина екі рет алға шыққанымен, Риера да одан қалмай, таблодағы есепті өз пайдасына өзгертті. Есеп — 6:4. Үшінші сетте Елена Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді отандасымыз үшінші айналымға шығу үшін рейтингіде 129-сатыдағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен күш сынасады.