• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Көкпарға америкалықтар қызығушылық танытып отыр

    Жуырда Ұлттық спорт  түрлері қауымдастығына Қазақстандағы АҚШ елшілігінен ұсыныс-хат келді. Бұл ұсыныс-хатта Қазақстанның көкпаршылары мен көкпар мамандарына АҚШ-қа келіп командалық көкпар ойынының қыр-сырын егежей-тегжейлі үйрету өтініші айтылған. Бұл туралы ulttyqsport.kz хабарлады. Негізінде, мұндай ұсыныс АҚШ көкпар құрамасы тарапынан Астанада өткен әлем чемпионаты кезінде де айтылған. АҚШ құрама командасы әлемдік чемпионатқа екі апта бұрын келіп, елорда іргесіндегі Қараөткел елді мекенінде оқу-жаттығу ...

    Read More »

    Қазақ күресін Токио Олимпидасында көреміз

    Әлем кубогының  ауыл-аймақта өтуіне мән берсек, төл күресіміздің жылдан жылға дамып келе жатқанының куәсі боламыз. Иә, қазақта туған жерге туыңды тік деген-қанатты сөз бар. Ұлттық спортымыздың жанашырлары мен атымтай жомарттарының қолдауымен ата күресімізден Әлем кубогы Шығыс Қазақстандағы Көкпектінің кең жазығында орналасқан Ақсуат елді мекенінде өтті. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жарыс жылтізбегінен ойып тұрып орын алған, осымен қатарынан бес жылдан бері ...

    Read More »

    Астанада аламан бәйге өтеді

    Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогын» ұйымдастыру бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, оның орынбасары Серік Жарасбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар пен Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ...

    Read More »

    Қазақ күресінен Африка чемпионаты өтті

    19-20 мамыр күндері Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында осымен екінші рет қазақ күресінің жалауы желбіреді. Осы елде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен Африка чемпионатына 15 мемлекеттің өкілдері қатысты. Жарыстың соңында чемпиондар мен жүлдегерлер марапатталып, ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге чемпионаттың бағдарламасы мен тәртібі бойынша төрешілер, команда өкілдері мен спортшыларға қазақ күресінен семинар өткізілді. Оны жоғары дәрежедегі халықаралық төреші Нұрлыбек ...

    Read More »

    Төл күресіміздің туы Африкада тігіледі

    18-19 мамыр күндері Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында осымен екінші рет қазақ күресінен құрлықтық чемпионат өтеді. Оған 15 елдің палуандары қатысып, үш салмақ (70, 80, +80 кг) дәрежесі бойынша күш сынасады. Биылғы чемпионатта төрешілерге арналған семинар да болады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, жиында ұйымның төрешілері африкалықтарға төл күресіміздің ережелерін үйретіп, ...

    Read More »

    Қазақ күресінен ІІІ Еуропа чемпионаты өтіп жатыр

    Осы күндері Сербияның Новый Сад қаласында Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен төл күресімізден ересектер арасында ІІІ Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Оған қарт құрлықтың 20-дан аса елінің түйе палуандары қатысуда. Аталған федерацияның бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, Еуропаның жер-жерінен Балқан түбегіне жиналған палуандардың күресі аса қызықты жəне тартысты өтуде. -Бұл жарыс 1 мамыр күні басталды. Оның алдында 29-30 сəуір күндері Новый ...

    Read More »

    Қызылордада тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды

    Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер арасында командалық чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап. Жарысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан спортшылар қатысуда. Олардың ішінде 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер спортшылар шеберлік байқасуда. Ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша өтуде. ...

    Read More »

    Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында қалалық сайыс өтеді

    21 сәуір күні «Алматы Арена» спорт сарайында тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, турнирге қаланың үздік тоғызқұмалақшысы №157 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Әйгерім Әлімжан қатысады. Ойын тоғызқұмалақтың рапид түрінен, 7 турдан, швейцариялық жүйе бойынша, үш жас ерекшелігі: 10, 12, 14 жастан жоғары қыздар, ұлдар арасында өтеді. Турнир аясында «Алматы ...

    Read More »