• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ақтөбеде спортты дамытуға үлес қосқандар марапатталды

    Кеше Ақтөбе қаласындағы №4ОМБЖОРМ-нің іргетасы қаланғанына 50 жыл жəне Ақтөбеде еркін күрестің негізін қалаушы Алексей Семкиннің 80 жасқа толған мерейтойлары басталып, турнир мен төрешілер семинары өтіп жатқанның хабарлаған болатынбыз.

    Бүгін кешкісін мерейтой «Дəстүр үйі» мейрамханасында жалғасын тауып, ағайынды Семкиндер бастаған спорт ардагерлері жəне аталған мектепт пен облыс спортының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды.

    Мейрамханаға жиналған қонақтарға мектеп өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

    «Спорт жұлдыздары» журналының атынан осы мерейтойдың ұйытқысы болған азамат, мектеп директоры Болат Еңсепбаевқа «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

    Еліміздегі патриоттық бағыттағы бірден-бір əнші-сазгер Орынгүл Ысмағұлова бастаған əншілер мерей той құрметіне əсем əуеннен шашу шашты.

    №4 спорт мектебінен Олимпиада ойындарына қатысқан Бауыржан Оразғалиев, Нұрислам Санаев пен басқалары шықса, биылғы өткен дүбірлі додадан Мейрамбек Айнағұлов облыс тарихында грек-рим күресінен тұңғыш рет əлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Бұйырса мектептен əлі талай чемпиондар шығатынына біз сенімдіміз.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *