Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесті. Министр жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысымен танысып, спортшылардың жалпы дайындығы туралы сұрастырды. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, құрама жаттықтырушылары спортшылар жарақаттан аман, физикалық дайындықтары мығым және тек жоғары сынамалы жүлде алуға ниетті екендіктерін айтты. Сондай-ақ Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасы үшін алғыс айтты. Алдағы ...
Read More »Tag Archives: Азиада
Алға, XIX Азиадаға!
Бүгін Алматыға таяу орналасқан Кешенді Олимпиадалық даярлау орталығында Қазақстан ұлттық құрама командасын Қытайдың ХАНЧЖОУ қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қазақстаннан Азиада тарихында ең көп спортшы — 525 атлет баратын бұл жолғы салтанатты шығарып салуға таяуда ғана тағайындалған туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы Маржықбаев арнаулы келіп,спортшыларымызға ақ жол мен жеңіс тіледі. Бұл шараға Қазақ ...
Read More »XIX Азия ойындары: Қазақстан спорттың 30 түрінен 305 жүлдені сарапқа салады
Қазақстан спортшылары XIX Азия ойындарының бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-нан бақ сынайтын болады. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша 305 медаль үшін жарысқа шығады. Жалпы биылғы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Азия ойындарына 524 қазақстандық спортшы қатысады. Әрине, кейбір спорт түрлерінен басқа жарыстарға қарағанда медаль алу мүмкіндігіміз көп. Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. ...
Read More »XIX Азия ойындары: Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасының қарсыластары анықталды
Қытайда су добынан өтетін Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды. Турнир 25 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді. Ұлттық құрама 2-7 қазан аралығында өнер көрсетеді. Жарысқа келген барлығы 8 құрама екі топта ойнайды. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Олар алдымен 2 қазанда Гонконг командасымен, 3 қазанда Жапонияның ватерполшыларымен, 4 қазанда Сингапур құрамасымен ойнайды. Одан кейін 5 ...
Read More »Қытайда 2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өтеді
Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында құрлықта өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, биылғы жылдың қарашасында Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді. Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін болып шешілді. 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын ...
Read More »Азия ойындары қазақ күресін құшағына алды
Осыдан 10-20 жыл бұрын қазақ күресінің Азия ойындарына кіргелі жатыр десе ешкім сенбеген болар еді. Міне, Аллаға шүкір қазағымның ұлттық күресі Азиада бағдарламасынан ойып тұрып орын алып, Алаш жұртының сан жылдар бойы арман еткен тілеуі орындалып отыр. «Қазақ күресінің Азия ойындарында не бар? Одан не ұтады?», – дейтұғын жандар да ел ішінен табылып жатты. Жалпы айтқанда, қазақ күресі өз тарихында ...
Read More »