• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азия ойындары: Қазақстан қазіргі бессайыстан финалға шықты

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында  Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына шықты.

    Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түсті. Финалда осы жарыстарға тағы конкур қосылады.

    Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин финалға шығу үшін бақ сынайды.

    Әйелдердің сайысында жарысқа қатысушылардың саны аз болғандықтан Анастасия Кочеткова, Елена Потапенко, Людмила Яковлева мен Кристина Рябова іріктеусіз, бірден финалға шықты.

    Ерлер мен әйелдердің финалдары 24 қыркүйекте болады.  Үздік бестікке кірген спортшылар Олимпиада лицензияларын иеленеді. Мұнда бір елге тек бір жолдама беріледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: olympic.kz

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *