• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Қытайға барды (ВИДЕО)

    Қазақстан құрамасы XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына барды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Қытайға спортшылар мен команда өкілдері Алматыдан чартерлік рейспен жетті. Азиадаға бірінші болып бокс, жүзу, үстел теннисі, үлкен теннис, нысана көздеуден, су добынан әйелдер құрамасы, семсерлесу, спорттық гимнастика, дзюдо, регби-7, гандболдан ерлер командасы аттанды. Енді бұдан басқа да спортшылар жарысқа қатысу үшін кестесіне сәйкес келе бастайды.

    Қазақстан құрамасында барлығы 525 спортшы бар. Олар спорттың 30 түрінен медальдар үшін жарысқа шығады. Олардың 27-сі олимпиадалық спорт түрі.

    Биылғы Азия ойындары Ханчжоуда 54 спорт аренасында өтеді. Командалардың иелігінде 31 жаттығу базасы болады.

    Олимпиадалық штаб қызметкерлері ұлттық құрамалардың Олимпиада қалашығындағы барлық қажетті рәсімдерден жедел өтуін қамтамасыз етті. Барлық спортшылар орналастырылып, жарыстарға дайындықты бастап кетті.

    Спортшылар мен команда мүшелері Ханчжоуда негізінен спорттық қалашықта орналасты. Сондай-ақ Чжэцзян провинциясындағы бес шағын атлетикалық қалашықта орын тепті.

    Спортшылар үшін спорт қалашығының аумағында жаттығуына, серуендеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған. Әр командаға дәрігерлер, массажист терапевтер мен психологтар бекітілген, — деді  ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

    Еске сала кетсек, Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Медальдар спорттың 40 түрінен ойнатылады.  Бұл жерде келісі жылғы Олимпиадалық ойындарға қатысуға лицензиялар таратылады.

     

    ФОТО: CFP

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *