• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    XIX Азия ойындары: Қазақстан академиялық ескек есуден финалға шықты

    Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары салтанатты түрде ашылмас бұрын кейбір спорт түрлерінен жарымстар басталып кетті. Бүгін академиялық ескек есуден (әйелдер екілігі) Қазақстан командасының финалға шыққаны туралы хабар келді.

    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, кеше спорттың осы түрінен іріктеу кезеңдері өтіп, Қазақстан құрамасының сапында Светлана Германович пен Мария Чернец финалға жолдама алды. Спортшылар іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, енді медаль үшін күресетін болады.

    Сондай-ақ, ерлер құрамасындағы Ярослав Мельников мен Тимур Фомичев те финалға шықты.

    Финал 24 қыркүйекте болады.

     

    ФОТО:

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *